13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ-ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ » БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ОБЛЫСТЫҚ ДОДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

25 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ-ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ » БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ОБЛЫСТЫҚ ДОДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұстаз — ұлағатты ұғым. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соны бірі – Ұстаз. «Ұстаз» қазақ баласы үшін қашан да қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

«Ұстаз» деген асыл ұғым – бұл қайнап жатқан қоғам өміріне, оның ішінде бала өмірінің үлкен мұратына үлес қосар, нардың белін қайыстырар қыруар жүкті көтеріп келе жатқан тұлға дер едім. Ұстаз өзінің биік парасатын өтеу жолында, қазіргі сансыз өзгерістер болып жатқан уақытта, соның ішінде білім беру жүйесі жаңарып, мәні өзгерген салада болашақ жастарды біліммен сусындатып, әрқашан қамқорлық жасауға ұмтылады.
“Жанкент”жалпы орта мектебінде Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің мектепке дейінгі ұйым мен мектепалды даярлық сыныптары және бастауыш сынып педагогтары арасында ауданның онкүндік жоспарына сәйкес ұйымдастырылған “Жаңа мектепке -жаңашыл ұстаз” тақырыбында байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты білім беру ұйымдарындағы талантты педагогтерді анықтау, педагог еңбегінің дәрежесін көтеру , шығармашылықпен жұмыс жасайтын, ізденімпаз жас мамандардың мәртебесін арттыру болып табылады.
Байқау үш кезеңнен тұрады.

Бірінші тапсырма- “Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз” тақырыбында эссе жазу болса, екінші тапсырма- “Шығармашылық жолдың бастамасы “ тақырыбында өзін-өзі таныстыру болған еді. Үшінші тапсырма бойынша ұстаздар “Ашық сабақ “ өткізу қажет. Яғни, педагог өз сабағын қорғап шығады.

Байқауға мектепалды даярлық сынып, бастауыш сыныптан және мектепке дейінгі ұйымдардан жалпы- 23 педагог қатысып, өз білімдерін сынға салды.Педагогтер өздерінің алып келген жұмыстарын көрсетіп және әріптестерінің жұмысын көріп, өзара жақсы тәжірибе алмасты. Байқау жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздар анықталды. Олар арнайы марапатталып, мектепке дейінгі ұйымдардан “Балдырған” балабақшасының тәрбиешісі, мектепалды даярлық сыныптардан “Жанкент”жалпы орта мектеп тәрбиешісі және бастауыш сыныптан М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының ұстазы суырылып алға шықты. Жеңімпаз педагогтер алдағы облыстық байқауға жолдама алды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы қолға алынды

Next Post

ШЫМКЕНТ: АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДАРЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі