13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДАРЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

25 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДАРЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған 23 тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарына Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау және зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда, бекітілген кестеге сәйкес, қалаға қарасты Абай ауданы бойынша этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптарда, атап айтқанда: Бозарық, Қатынкөпір, Қызылжар, Қайнарбұлақ, Тұрлан, Ынтымақ, Ынтымақ — 2 , Әл-Фараби ауданы бойынша Ескі қала шағын ауданындағы кәсіпкерлік нысан иелеріне, барлығы 216 кәсіпкерлік нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстарды жүргізу үшін қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ және қалаға қарасты бес аудан әкімдіктерінің қызметкерлерінен патрульдік топ құрылған.

Топ тарапынан қолданыстағы заң талаптарын сақтамаған 117 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне арнайы парақшалар таратылып, ескертулер берілді. Қолданыстағы заңның тиісті дәрежеде сақталуына бағытталған жұмыстар жалғасуда. Бұдан өзге, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы сауда орындарының аумағындағы автотұрақтарды ретке келтіру бойынша жаппай мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Шараның мақсаты — көлік кептелісін азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, сауда орындарының алдына автомобильдер тұрақтау үшін автотұрақ ұйымдастыру және тиісті жол белгілері мен бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын үйлестіру.

Қазір халық көп шоғырланатын Айна, Акбар, Акбар, Алаш, Авто Нұр, Қырғы базарларының аумағына аяқжолдар салынуда. Бұл шаралар мұндағы ретсіздіктерді қалпына келтіріп, тұрғындардың жүріп-тұруын оңтайландырады.

Previous Post

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА "ЖАҢА МЕКТЕПКЕ-ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ " БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ОБЛЫСТЫҚ ДОДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Next Post

В каждом населенном пункте Шымкента появится своя поликлиника

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі