13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: «ТАЛАПТЫ ҰСТАЗ, ТАЛАНТТЫ ШӘКІРТ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

25 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: «ТАЛАПТЫ ҰСТАЗ, ТАЛАНТТЫ ШӘКІРТ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде, мектеп директорының жобасы аясында аудандық «Талапты ұстаз, талантты шәкірт» атты 9 сынып оқушылары арасында байқау өткізілді.

Жобаның басты мақсаты оқушылардың пәндік білімдерін жетілдіру, математикалық сауаттылығын анықтау, туған жерінің тарихын зерттеп меңгерту, шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ аудандағы басқа мектептермен тығыз қарым-қатынас орнату.

«Талапты ұстаз, талантты шәкірт» жобасы бойынша пәнаралық байқауға 35 мектептен жалпы- 35 үздік оқушы қатысып, сайыста үздікті анықтады.

Байқау шарты бойынша, дода 2 кезеңнен тұрды. Біріншісі диктант жазу (оқу сауаттылығы – қазақ тілі), сонымен қатар математикалық сауаттылық бойынша бақылау жұмысын жазды.
Ал екінші кезеңде тест жұмысынан сүрінбей өтуі қажет еді. (негізгі пәндер бойынша – Қазақстан тарихы, география, биология, химия, физика, информатика, туған жердің тарихы, табиғаты туралы).

Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты өтті. Сонымен қатар, келген жетекші мұғалімдермен әдістемелік көмек көрсету мақсатында дебат, ғылыми жоба, авторлық бағдарлама, «Lesson study» сабақты зерттеу бағытында жұмыстар жүргізілді.

Сайыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;
I орынды Ғ.Мұратбаев атындағы ЖОМ, М.Ломоносов мектеп- гимназиясы, II орынды С.Сейфуллин атындағы ЖОМ, «Жиынбай» ЖОМ; ІІІ орындарды С.Бреусов атындағы ЖОМ, А.Гайдар атындағы ЖОМ иеленді.

Мектеп әкімшілігі жеңімпаздарды мақтау қағазымен және арнайы жасалынған кубоктармен марапаттады. Алдағы уақытта бұл жоба мектеп директорының авторлық жобасы ретінде жаңа оқу жылының тамыз кеңесінде қаралып, аудандық деңгейде өткізуді ұсынады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы қолға алынды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі