13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫ: «МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

24 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШ АУДАНЫ: «МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты №49 Мағжан Жұмабаев атындағы ЖОББМ 7-11 сынып оқушыларына арналған «Мағжан оқулары» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Мағжан – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды.

БАйқаудың басты мақсаты — мектеп оқушылары арасында Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау болып табылады. Додаға Сарыағаш ауданындағы жалпы білім беру ұйымдарынан 42 мектептің оқушылары қатысты. Айта кетейік, «Мағжан оқулары» сайысы 3 бағыт бойынша өткен. Олар:
«Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім» мәнерлеп оқу бағыты;
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» ғылыми жоба бағыты;
«Ақын да бір бала ғой айта ұстылған» ақындық бағыты.
Нәтижесінде оқушылар «Мағжан оқулары» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде топ жарып, облыстық кезеңге жолдама алды. Олардың қатарында: «Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім» мәнерлеп оқу бағыты бойынша №28 Абылайхан атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бұхарбай Гүлбақыт Аширбекқызы. АЛ жетекшісі: Бөрібекова Маржан Тұңғышбекқызы.

«Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» ғылыми жоба бағыты бойынша №66 Толыбай батыр атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Садық Айда Даниярқызы. Ал жетекшісі: Нарынова Алия Налыханқызы.

«Ақын да бір бала ғой айта ұстылған» ақындық бағыты бойынша №31 Т.Бигелдинов атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Алдебек Дәурен Молдағалиұлы, жетекшісі: Саутова Перизат Бердибекқызы.

Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларыға редакция ұжымыда сәттілік тілейді.

Previous Post

Благотворительная ярмарка национальных блюд прошла в Шымкенте

Next Post

ОТЫРАР: ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі