Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына ену мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.
Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы -оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.
Жетісай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен №65 “Достық” жалпы орта мектебінің базасында математика пәні мұғалімдеріне “Өздігінен білім жетілдіру-кәсіби кемелдену” тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар мақсаты мұғалім бойындағы және білім алушылардағы көшбасшылықты дамыту жолдарын ұсыну.
Семинарға ауданнан 73 мұғалім қатысты. Семинарда алғы сөз алған Жетісай ауданы білім бөлімінің математика пәні әдіскері А.Алимбетова тәжірибелік семинардың бағдарламасы мен тақырыбының өзектілігіне тоқталды.
Семинар барысында “Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану”, “Бұрыш. Бұрышқа есептер шығару”, “Рационал теңсіздік”, “Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу”, “Топтық жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру”, “Жалпы білім беретін орта мектерптердің математика пәні бойынша 6-сыныптың бөлім және тоқсандық тапсырмаларын құрастыру” тақырыптарында ашық сабақтар мен шебер сыныптар өте мазмұнды, заман талабына сай ұйымдастырылып өтті.
Семинар қортындысы бойынша талдау жасаған мұғалімдер сабақ және шебер сынып өткен ұстаздардың іс-тәжірибелері аудан, облыс көлемінде таратып, марапаттауға ұсыныстар айтты.




