13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР: «Даналықтың бәрі кітапта» атты ашық есік күні өтті

24 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР: «Даналықтың бәрі кітапта» атты ашық есік күні өтті
60
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл сайын дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай балалар кітапханасы түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Биылғы кітап мерекесі аудандық орталық кітапхана мен балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Даналықтың бәрі кітапта» атты ашық есік күнімен басталды. Кітапхана қызметкері балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітаптар әлеміне шолу жасап, балалар әдебиетімен таныстырды.

Кітапхана – кітап беретін орын ғана емес, мәдениет ошағы. Оқырманның талап-тілегіне, олардың өскелең инте­лектуалды сұранысына сәйкес сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету, жұмыстардың тиімді әдісі мен түрлерін енгізу, жас кітапханашылардың ше­берлігі мен білімін көтеру мақсатында семинар, дөңгелек үстел мен түрлі байқау дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.

Шараға оқырмандар өте белсенді қатысты. Кітаптың шығу тарихы жайлы және оның маңыздылы туралы бейнеролик көрсетіліп, оқырмандар сұраққа жауап беру арқылы кітаптың қыр-сырын танып біліп, кітапты қалай күтіп ұстау керектігін түсінді. Шара өте әсерлі өтті. Шара соңында белсене қатысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.

Еске салсақ, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан «Ұлағат пен ұстаным, «Қоғам мен құндылық», «Бағдар мен белес» атты тақырыбында дөңгелек стол және «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап», «Тәуелсіздік – ұлы мұрат, қастерлі ұғым», «Ұлы дала – ұлттық тарих» атты кітап көрмесі, «Елімнің бақытын тербеткен–Тәуелсіздік» атты тарихи кеш, «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің ролі» атты жас оқырмандармен дөңгелек стол, «Тәуелсіздік таным» атты көркем сөз оқу шеруі және семинар өткізілді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «WORLDSKILLS TURKISTAN-2023» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР МЕН ИДЕЯЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

Next Post

ЖЕТІСАЙ: АУДАНДЫҚ ҰСТАЗДАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі