13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗҒАЛДАҚ ГҮЛДЕР ӨСІРЕДІ

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗҒАЛДАҚ ГҮЛДЕР ӨСІРЕДІ
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңіріндегі Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында қызғалдақ пен гүлдердің 15 түрі өсіріліп жатыр. Түркістандық ғалымдар осы бастама арқылы қызғалдақты жан-жақты зерттеп, сұрыптарын жерсіндіруді жоспарлап отыр.

Бүгінде Түркістандағы университеттің жылыжайында қызғалдақтар жайқалып өсіп тұр. Бұл жылыжай ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Апушев жетекшілік ететін «Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп қолданысқа енгізу» жобасы бойынша салынған болатын. Профессордың айтуынша, ғылыми ортада қызғалдақ пен алманың тарихи Отаны – Қазақстан деген пікір бар. Сондықтан қызғалдақты зерттеп, өсіру керек.

– Қызғалдақты брендіміз деп айтқанымызбен, оның көбейту, селекциялық жұмыстарын атқару бойынша атқарылған іс аз. Қазір біз Түркістанда 15 сұрыпты зерттеп, өсіріп жатырмыз. Жергілікті ауа райына бейімдерін және сұранысқа иелерін іріктеп, арнайы көбейтуді жоспарлап отырмыз. Ол өте қиын жұмыс. Бұл жұмыстарды бастағанымызға үш жыл болды, – дейді профессор.

Айта кету керек, Түркістандағы университет жылыжайында қызғалдақтың 12 мың пиязшығы отырғызылған. Оның басым бөлігі әйелдердің халықаралық мерекесі қарсаңында сонымен қатар, Наурыз мерекесіне орай, елге ұсынылған болатын. Сонымен бірге оқу ордасы маңына 3 мың түп қызғалдақ егілген. Алдағы уақытта қызғалдақ егу жұмыстары жалғасын табады.
Еске салсақ, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қызғалдақ жылыжайымен қатар ботаникалық бақты аралап көрді. Қарағай, өрік, туя және басқа да ағаштарды өсіру технологиясымен танысып, ғалымдармен Түркістанды көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру, осы аймаққа жерсінетін түрлерін өсіру бағытында пікір алмасқан болатын. Ұсыныстарын тыңдап, ғылыми зерттеулерді жалғастыруды тапсырған болатын.

Previous Post

Ыстамбұлда «Teknofest 2023» басталды

Next Post

САУРАН: "ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР- ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі