13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТ: Жастардың қатысуымен «Болашаққа қадам» жобасы өткізілді

25 апреля, 2023
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТ: Жастардың қатысуымен «Болашаққа қадам» жобасы өткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Іс-шара барысында алдымен №130 жалпы орта білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушыларына коуч-тренерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беруге бағытталған «Болашаққа қадам» жобасы өтті.

Аталған шараның мақсаты — оқушыларды мамандықтар туралы түсінікпен ақпараттандыру және кәсіптік қызығушылын арттырып, қабілеттілігін қалыптастыру. Іс-шара барысында алдымен №130 жалпы орта білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушыларына алдымен коуч-тренерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағдарламамен толыққанды танысқан оқушылар, ары қарай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының музейі мен анатомиялық бөлмесінің жұмыс барысымен танысты. Cонымен қоса, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Мобильді топ» пен Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері бірлесіп, Орталық Азия Инновациялық университет жастарына мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге жұмыспен қамтудың белсенді шаралары мен 2,5% пайыздық жеңілдетілген несие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау барысында жастарды кәсіпкерлікке бағыттайтын жоба аясында «Жас кәсіпкермен сұхбат» айдары өтті.

Аталған жобаның келесі кейіпкері мемлекеттік бағдарлама негізінде өз кәсібін ашып, «Channel» әсемдік салонының негізін қалаушы — Юсупбаева Роза Есіркепқызы. Роза Есіркепқызы – 12 жылда жуық әсемдік салонда жұмыс жасаған. Ол өз кәсібін ашуға ниет етіп, мемлекеттің қолдауына жүгінген. Нәтижесінде өз жеке ісін бастап, бүгінде әсемдік салон иегері атанған.
Еске сала кетейік, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу, бизнесті бастау, оны кеңейту мақсатында Шымкент қаласы бойынша 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 261 жастарға 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланған.

Previous Post

«Tazalike»: Шымкенттік жастар тазалық жұмыстарын жүргізді

Next Post

ШЫМКЕНТ: Биыл Абай ауданындағы 60 көшеге асфальт төселеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі