13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Tazalike»: Шымкенттік жастар тазалық жұмыстарын жүргізді

25 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
«Tazalike»: Шымкенттік жастар тазалық жұмыстарын жүргізді
Share on FacebookShare on Twitter

Жастары үй маңайлары мен көше бойларын тазалады. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен «Tazalike» акциясы аясында аудан жастары үй маңайлары мен көше бойларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған шараның мақсаты – қоршаған орталықты абаттандыру мен экологиялық тазалықты сақтау. Жастарды қала тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағында жасыл желекті көбейтуді тапсырған болатын.Осы мақсатта қалада магистральді көшелер көгалдандырылып, жасыл желектер ретке келтірілуде. Арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштарға күтім жасауда. Көгалдандыру шараларына 270 жұмысшы, 28 техника және 176 көгалшапқыш жұмылдырылды. Қазіргі таңда Тұран ауданы аумағындағы айналма жолдардың жиегі көпжылдық гүлдермен көмкерілуде. Сальвияның — 6 000, цинерарияның — 2500, остеоспермумның — 1500, шафранның — 6000 данасы белгіленген аумақтарға отырғызылуда.
Алдағы уақытта арнайы орындарға жалпы саны 550 мың түп көпжылдық және біржылдық гүлдерді отырғызу жоспарлануда. Көріктендіру шараларына жұмысшылар мен техникалар жұмылдырылып, агрономдар мен дизайнерлер атсалысуда. Ал, Қаратау ауданында тұрғындардың қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Одан бөлек, аудан аумағында 3 аллеяның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 миллион данаға жеткізу жоспары бар.

Айта кетейік, қалада “Қызғалдақтар маусымы” басталды. Үшінші мегаполистің символына айналған қызғалдақтар бүгінде бүр жарып, қаланың көркін айшықтай түсті. Сары, қызыл, көк, күлгін түсті қызғалдақтардың 1 миллион данасы айналма жолдар мен орталық көшелерге, саябақтар мен гүлзарларға отырғызылды. Голланд қызғалдақтары әр ауданға орташа есеппен 200 мың дана егілді. Сондай-ақ, биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 миллион данаға жеткізу жоспары бар.

Previous Post

В каждом населенном пункте Шымкента появится своя поликлиника

Next Post

ШЫМКЕНТ: Жастардың қатысуымен «Болашаққа қадам» жобасы өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі