13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мыңдаған әскери қызметшінің даярлығы бағаланды

25 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мыңдаған әскери қызметшінің даярлығы бағаланды
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі​ мәлімдеді. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлық деңгейін анықтау үшін бақылау тексерісін тапсыру аяқталды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Іс-шара барысында мыңдаған әскери қызметшілер бағаланды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әскери бөлімнің бөлімшелері штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы меңгерудің лайықты іскерлік деңгейі мен дағдыларын көрсетті. Атап айтқанда мотоатқыштар, танк, артиллерия, инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері штаттық қару-жарақ пен атыс қаруынан бақылау ату жаттығуларын орындады.

Сондай-ақ, арнайы, тактикалық, техникалық, инженерлік дайындық, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және техниканы жүргізу бойынша нормативтерді орындады. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының арнайы комиссиясы әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік дағдыларының деңгейін және бөлімшелердің үйлесімділігін, жауынгерлік кезекшіліктің жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін бағалады. Бақылау сабақтары, командалық-штабтық жаттығулар және тактикалық жаттығулар барысында барлық дәрежелі командирлердің бөлімшелерді басқару барысында әр-түрлі шешімдер қабылдау қабілетін де бағаланды.

Айта кетейік, Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің борышын аяқталуына арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің үш аймағынан шақырылған және белгіленген мерзімде қызмет еткен 120 сарбаз әскери оркестрдің әуенімен жауынгерлік тумен қоштасу үшін бригаданың саптық алаңында екі қатарға сап түзеді. Жан-жақты кәсіби дағдыларға ие болған шыныққан сарбаздарға грамоталар, естелік сыйлықтар және оқу-жауынгерлік міндеттерін сапалы орындағаны үшін фотоальбомдар табысталды.

Previous Post

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған әйелді тірілтіп алды

Next Post

Биыл Шымкентте 200 мыңға жуық тұрғын салалы интернетпен қамтылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі