Биылғы жылдың екі айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына 4,6 млн. қызмет көрсетті: оның ішінде 3,1 млн – электронды форматта, 1,14 млн – автоматты режимде іске асырылды. Осылайша қызметтердің жалпы көлемінің 92% астамы қашықтан ұсынылды: Қор сайты немесе мобильді қосымшасы, сондай-ақ, өтінімсіз режимде.
Ең танымал қызмет жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат алу болып табылады. Жыл басынан бастап 4,2 млн. астам үзінді көшірме берілді. Оның ішінде 3,05 млн. (немесе 66,87%)онлайн режимде ұсынылып, 1 млн. астам хабарландыру «электрондық пошта» тәсілінде таңдаған салымшылар мен алушылардың мекенжайларына жіберілді. Бұл ретте тек 102,6 мың үзінді көшірме Қор кеңселерінде берілді.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте өз жинақтарыңыз туралы мәліметтерді алудан басқа, олар туралы хабарлау тәсілін таңдауға, жеке деректемелерді өзгертуге, 1 және 2 топ мүгедектігінің мерзімсіз белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына орай өтініш беруге, жинақтардың бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге және т.б. жер шарының кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде жүзеге асыруға болады.
Жыл басынан бергі 2 айда ЖЗШ ашу бойынша 50 мыңнан астам қызмет автоматты режимде көрсетілді. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын, оның ішінде біржолғы төлемдерді төлеуге 51 мыңнан астам өтінішті қабылдады. Деректемелерді өзгертуге шамамен 63,6 мың өтініш қабылданып, оның 50 мыңға жуығы Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.
Қазақстандықтар жүзбе-жүз қызмет көрсетуді де пайдалануда: мұндай форматта жыл басынан бері 244,5 мыңға жуық қызмет ұсынылды. Алайда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ол 15,3% аз көрсетілді. Бұл онлайн қызметтердің танымалдылығының артып келе жатқанын растайды. Естеріңізге сала кетейік, Қордың жақын тұстағы филиалын enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ/ENPF мобильді қосымшасы арқылы оңай табуға болады.
БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері де белсенді жұмыс істеуде. Мобильдік агенттер мен мобильдік кеңселердің экипаждары 34 мыңнан астам қызмет көрсетіп, оның ішінде 2,4 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал топтарына бағышталды.
Көшпелі қызмет көрсету кезінде ЖЗШ-дан 15,7 мыңнан астам үзінді көшірме ұсынылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 4,9 мыңға жуық көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 106 мыңнан астам адам қатысты. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен консультациялар өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе БЖЗҚ сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
БЖЗҚ үшін өз салымшыларына (алушыларына) сапалы консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсету әрқашан басымдыққа ие. 2023 жылдың 1 наурызына салымшылардың кері байланыс арналары бойынша өтініштерінің саны шамамен 117,9 мыңды құрады.
Қордың кеңес беру қызметтерін 1418 нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) байланыс орталығы, www.enpf.kz корпоративтік сайты, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасы, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы алуға болады.