13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Министр екі баланың төбеге шығып сабақ оқуына қатысты пікір білдірді

10 сентября, 2020
in Білім
0
Министр екі баланың төбеге шығып сабақ оқуына қатысты пікір білдірді
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Желіде фотосы тараған екі баланың төбеге шығып сабақ оқуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Интернет сапасына қатысты проблемалар бар. Бірақ мұның бәрі инфрақұрылымдық жобаларға байланысты және қысқа уақытта іске асыру мүмкін емес екенін түсінуіміз керек.

Желіде белгілі бір елді мекенде интернет жоқ және балалар сабақ оқи алмай, үйдің төбесіне шығып оқып жатыр деген ақпарат тарады. Республика бойынша интернет мәселесін шеше алмайтынымызды түсінеміз. Бірақ дәл осы жағдайға байланысты айтар болсақ, оқиға Ескене ауылында болған. Ол жерде адам аз. Сол жерде қашықтан оқуға тырысқан бала жақын маңдағы интернатта оқуы керек болатын. Яғни, қалған балалар мектепке барып сабақ оқиды. Бірнеше бала қашықтан оқуды таңдаған. 20 үй тұр. Әрине, бұл — алыс. Қуанышқа орай, теміржол станциясына жақын орналасқан. Қазір сол жақтан интернет тартып жатырмыз», — деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Министр мәселені шешу үшін арнайы жоспар керегін атап өтті. Себебі интернетті операторлар жеткізеді, ал министрлік бақылайды. Енді ведомство арнайы сайт жасапты. Тұрғындар сайтқа кіріп, интернеттің әлсіз екенін хабарлай алады. Министрлік хабарды алғаннан кейін байланыс операторларымен жұмыс істейді.

«Бірақ осындай фактілер анықталғанда ұсыныс дайындадық. Арнайы bailanys.bar веб-сайтын әзірледік. Ол интернет сигналының төмен екенін тіркейді. Сайтқа кіргенде байланыс сигналын тіркеу батырмасын басу керек. Содан кейін министрліктің деректер базасына бірден ақпарат түседі. Мынадай елді мекенде, дәл осы геолокацияда байланыс нашар деген мәлімет аламыз.

Біз операторларға лицензия бердік. Мобильді операторлар, белгіленген байланыс операторлары бар. Олар белгілі бір шартқа сәйкес сапалы байланыс ұсыну керек. Біз тек сапасын бақылауымыз керек. Міне, бақылау үшін осы сайтты іске қостық. Яғни, тұрғындар интернет жылдамдығын тексере алады. Мәлімет алған соң әрі қарай қалай жұмыс істеуді жоспарлаймыз. Себебі ел үлкен және операторлардың мүмкіндігіне қарай жоспарды тездетуіміз керек», — деді Бағдат Мусин.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданы Ескене ауылында екі баланың үйдің төбесіне шығып сабақ оқып отырған фотосы тараған болатын. Қазақстандықтар елдегі интернет сапасының нашар екенін айтып шағымданды.
Сондай-ақ бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі экс-министрі Асқар Жұмағалиев биыл Қазақстан халқының 99 пайыздан астамына кең жолақты интернет қолжетімді болатынын айтқан еді.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте 2000 адам кәсіптік білім алуда

Next Post

Қызылжар өңірін өркендетуге үлес қосу – перзенттік парызым!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі