13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АҚШ-ТАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШ БЕДЕЛДІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АҚШ-ТАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШ БЕДЕЛДІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық оқушылар FIRST World Championship Дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинацияға қол жеткізді. Жарыс Американың Хьюстон қаласында өткен.
Алматылық 6 жастан 10 жасқа дейінгі ең жас санаттағы Adeptus Mechanicus командасы жоғары ынта-жігері, ынтымақтастық рухы және өзара сыйластығы үшін «Core Values Award» ерекше марапатына иеленді. Бастауыш сынып оқушыларының инновациялық жобасы мен техникалық әзірлемелері қатысушылар арасында ең үздіктерінің бірі болды.

Play 4 Energy командасы LEAS мектебінің оқушылары 10-16 жас аралығындағы орта санаттағы «Robot Design Award» жоғары техникалық сыйлығын жеңіп алды. Олар күрделі тапсырмаларды орындай алатын берік және тиімді робот жасау арқылы тамаша бағдарламалау және инженерлік дағдыларды көрсетті.
12 жастан 18 жасқа дейінгі жоғары санаттағы «Motivate Award Finalist» төрешілердің ерекше марапатына Алматы қаласының РФММ-нің AENTA командасы ие болды. Роботтардың керемет ойынын жасаумен қатар, балалар STEM мәдениетін белсенді түрде насихаттайды және өз мектептерінде FIRST негіздерін енгізеді. Халықаралық қазылар алқасының мүшелері атап өткендей, командасы әлемдік аренада жоғары кәсібилік көрсетті. Айта кетейік, бұған дейін оқушылар тегін фестивальдар мен тренингтер өткізіп, өз құрдастарына робототехника мен бағдарламалау негіздерін үйреткен болатын.

«Оқушылар тамаша нәтижелер көрсетіп, елімізді абыроймен таныстырды. Шәкірттеріміздің жеңісіне қатысы бар барлық жандарға алғыстымыз! Бұл Қазақстандағы STEM дамуындағы үлкен және жемісті жолдың басы ғана”, — деді USTEM Robotics қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.
Естеріңізге сала кетейік, құраманың құрамы осы жылдың ақпан айында Оқу-Ағарту Министрлігінің қолдауымен өткен FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында құрылған болатын.
«Бұл 110 елдің қатысушылары арасында қиын жарыс болды. Біз балаларымыздың жоғары кәсіпқойлық көрсеткенін және өздерінің лайықты марапаттарын алғанын мақтан тұтамыз. Олардың жарқын жеңістері еліміздің барлық оқушылары үшін мотивация болады деп сенеміз», — деп атап өтті «Дарын» РҒПО Педагогикалық шеберлік зертханасының жетекшісі Айгүл Қарақұлова.
✊Робототехника бойынша Бүкіләлемдік чемпионатқа барлығы 36 мың бала қатысты. Ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушы қорғады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСТЫ НАЗАРДА

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ ДАЯРЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫНЫҢ ЖОСПАРЫ ТҮЗІЛДІ⁣⁣

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі