Түркістан облысы Шардара аудандық Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ байқауына қатысты. Аталған сайыс ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының құрылғанына 30 жыл толуы қарсаңында, Ғалым, публицист, мемлекет қайраткері, Қазақстанның халық ағарту комиссары Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына және Әуезов университетінің 80 жылдығында «Тарих және этнология» ғылыми орталығының 10-жылдығына орай ұйымдастырылған. Ғылыми байқаудың өтуіне Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми-зерттеу институтындағы«Тарих және этнология» ғылыми орталығының «МИРАС» рухани жаңғыру Академиясы мұрындық болған.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ байқауына өз ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау үшін Шардаралық 9 «г» сынып оқушысы Анықбай Айдана мен жетекшісі Рүстемова Гүлмира және 9 «в» сынып оқушысы Қайназар Айару, 8 «ә» сынып оқушысы Асан Аяна мен жетекшісі Айдарбекова Макка Мадина гуманитарлық бағыт бойынша қатысып келді.
Айта кетсек, оқушылар арасында қазіргі таңда зерттеу іс-әрекетіне қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалады. Бұған оқушылардың ғылыми қоғамы әсер етті.
Мектептік ғылыми қоғамның мақсаты оқушылардың қызығушылығымен сай келді. Бұл:
— оқушылар тарапынан шығармашылық есептерді стандартты емес, өзіндік амалмен шешуді анықтау;
— оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне жұмылдыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
— шығармашылық ізденісі және зерттеу жұмыстарын орындау үрдісі кезінде оқушылардың аналитикалық және сын тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру;
— кәсіптік бағдарлауда көмек көрсету;
— оқушылардың іс-әрекет барысында мақсат қоя білуді және жүйелікті дамыту;
— қойылған мақсатқа жету арқылы және қол жеткен нәтижелердің басылуына орай оқушылардың өз орындарын таба білуі.
Қосымша ақпар, мектептік ғылыми қоғамның іс-әрекеті таңдалған бағыттарға сәйкес тізіледі. Осы үрдісті компонентті уақытылы басқару оқушылардың зерттеу іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудағы маңызды жағдай болып табылады. Мектептегі мұндай басқару пәндердің әдістемелік бірлестіктерімен және ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша директор орынбасарының басшылығымен мектептік ғылыми-әдістемелік кеңесі жүзеге асырады. Оқушының жұмыс барысында қолданатын тақырып атауын тұжырымдағаннан кейін – зерделеу жұмысының орындаушысы зерттеу жұмысының жұмыс бағдарламасын құруға ауысады. Осы кезеңде мәселенің жағдайы нақтыланады, зерттеу жұмысының мақсаты және қажет деңгейі, оның міндеті, әдісі мен кезеңі анықталады, сонымен бірге зерттеудің нәтижесі болжамдалады.
Айта кету керек, тақырыптың зерделеу жағдайын анықтау, зерттеу мақсатын нақтылау, үйлесімді жұмыс әдісін таңдау үшін оқушылар тарапынан таңдалған тақырыптың мәселесі бойынша әдебиетпен нақтырақ танысу қажет. Жұмыс жетекшісінде тақырып бойынша қажетті ақпаратты алғаннан кейін оқушы жұмысын алдымен әдебиетті іздеуден бастайды.