13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: «Талапты ұстаз, талантты шәкірт» атты байқау өтті

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС АУДАНЫ: «Талапты ұстаз, талантты шәкірт» атты байқау өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде, мектеп директорының жобасы аясында аудандық «Талапты ұстаз, талантты шәкірт» атты 9-сынып оқушылары арасында байқау өткізілді.

Жобаның мақсаты — оқушылардың пәндік білімдерін жетілдіру, математикалық сауаттылығын анықтау, туған жерінің тарихын зерттеп меңгерту, шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыра отырып, Түлкібас ауданында орналасқан мектептермен тығыз қарым – қатынас орнату болып саналады.

«Талапты ұстаз, талантты шәкірт» жобасы бойынша, пәнаралық байқауға 35 мектептен 35 үздік оқушы қатысып, сайысқа түсті.
Байқау шарты 2 кезеңнен тұрды.
1- кезең: Диктант жазу (оқу сауаттылығы – қазақ тілі)
Бақылау жұмысы (математикалық сауаттылық)
2 –кезең: Тест жұмысы (негізгі пәндер бойынша – Қазақстан тарихы, география, биология, химия, физика, информатика, туған жердің тарихы, табиғаты туралы)
Сайыс жоғары деңгейінде ұйымдастырылып, тартысты түрде әділ өтті.

Сайыстың өтілу барысына бақылау жасаушы және әділ бағасын беруші топ ретінде көрші мектептерден келген 4 жетекші тағайындалды. Әділ қазылар алқасы әрбір кезеңнің қорытындысына талдау жасап, әділ бағасын қойып отырды. Сонымен қатар келген жетекші мұғалімдермен әдістемелік көмек көрсету мақсатында дебат, ғылыми жоба, авторлық бағдарлама, «Lesson study» сабақты зерттеу бағыттарындағы жұмыстар жүргізіліп, мұғалімдер өз ой пікірлерін білдіре отырып жақсы әсер алғанын айтты.

Сайыстың қорытындысы бойынша, жан – жақты білімін көрсетіп, белсене қатысқаны үшін:
Бас жүлдені А. Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің оқушысы Умирбек Бахыт Жәнібекқызы;
I орынды Ғ. Мұратбаев атындағы ЖОМ оқушысы Тимур Анель Ербақытқызы;
І орынды М. Ломоносов мектеп лицейінің оқушысы Сәбитбек Дінмұхамед Нурланұлы;
II орынды С. Сейфуллин атындағы ЖОМ оқушысы Амангелді Аяжан Бағланқызы;
II орынды Жиынбай атындағы ЖОМ оқушысы Шәріп Нұрасыл Төребекұлы;
ІІІ орынды С. Бреусов атындағы ЖОМ оқушысы Адилбек Алина Нұрланқызы;
ІІІ орынды Гайдар атындағы ЖОМ оқушысы Шаткалбаева Нұрсулу Саматқызы иеленді. Жоба соңында әрбір оқушылар мен жетекші мұғалімдерінен бүгінгі олимпиаданың өтілу барысына кері байланыс алынып,ұсыныс, ой пікірлерін білдірді.
Мектеп әкімшілігі жеңімпаздарды мақтау қағазымен және арнайы жасалынған кубоктармен марапаттады. «Талапты ұстаз, талантты шәкірт» жобасына қатысқан оқушылар мен жетекші мұғалімдерінің алған әсерлері мол болды. Алдағы уақытта бұл жоба мектеп директорының авторлық жобасы ретінде, жаңа оқу жылының тамыз кеңесінде қаралып, аудандық деңгейде өткізуді ұсынады.

Previous Post

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: №30 БАҒЫТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі