Түлкібас ауданы, білім бөліміне қарасты Дауан атындағы жалпы орта мектебінде «Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар шеңберінде ашық тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Іс шараның баст ымақсаты — денсаулықты күту, зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Бастауыш сынып мұғалімі Мирхамидова Анаржан 1″А» сыныппен «Дәрумендер — денсаулық кепілі», Бастауыш сынып мұғалімі Каспиева Гүлмира 1″Ә» сынып ата-аналарымен «Салауаттылық — өмір салты», ағылшын тілі пәні мұғалімі Утаралиева Шынар 6 «А» сыныппен «Тәні саудың-жаны сау», 6 «Ә» сынып жетекшісі Елемесов Жамбыл «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», 9 «А» сынып жетекшісі Сарсебекова Гүлім «Салауаттылық — денсаулық кепілі», 10-сынып жетекшісі Кулжабаева Алия «Жасөспірім және зиянды заттар зардабы» тб ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Және де «Әкем, анам және мен» Толағай отбасылық сайысы, аға тәлімгер Арысбаева Жазира мен дене шынықтыру пән мұғалімі Сауғанбаев Саят, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шажалиева Ботагөз «Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Адамдар мен қоғамның салауаттылығы — бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты.
Жалпы семинар барысында тәрбиелік мәні бар жұмыстар, ойындар мен дөңгелек үстел өткізу барысында білім алушылар мен қонақтар, ата-аналар ерекше белсенділік танытты. Семинар қорытындысы нәтижесінде іс-шараларды ұйымдастырған ұстаздар аудандық марапатқа ұсынылды.