13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте сарбаздар әскери борышын аяқтады

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте сарбаздар әскери борышын аяқтады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің борышын аяқталуына арналған салтанатты рәсімі өтті. Еліміздің үш аймағынан шақырылған және белгіленген мерзімде қызмет еткен 120 сарбаз әскери оркестрдің әуенімен жауынгерлік тумен қоштасу үшін бригаданың саптық алаңында екі қатарға сап түзеді.

Жан-жақты кәсіби дағдыларға ие болған, шыныққан сарбаздарға грамоталар, естелік сыйлықтар және оқу-жауынгерлік міндеттерін сапалы орындағаны үшін фотоальбомдар табыс етілді, ал ата-аналарына бөлім командирінің атынан Отанының нағыз патриоттарын тәрбиелегені үшін алғыс хаттар дайындалды.

Сарбаздарды үлкен өмір жолына шығарып салып, құттықтау сөздерін айту үшін механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері мен Қарулы Күштердің ардагерлері бас қосты.

Бөлім командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов бригада тарихында Отанға қызмет етудің үлгісі болып табылатын жүздеген сарбаздың, сержанттар, офицерлер мен генералдардың тағдырлары жазылғанын атап өтті.

— Сіздер өз міндеттеріңізді адал орындап, батылдық таныттыңыздар, әскери қызметтің барлық ауыртпалықтарын табандылықпен көтердіңіздер. Осы уақыт ішінде үлкен өмірлік тәжірибе алып, нағыз патриоттарға тән қасиеттерді дамыта алдыңыздар, — деді подполковник Дастан Мұхамеджанов.

Борышын аяқтаған ефрейтор Ринат Өмірзақ өз сөзінде, әрбір офицер мен сержанттың оларды тәрбиелеудегі еңбегін атап өтті.

— Барлық сарбаздардың атынан бригада жеке құрамына алғысымды білдіремін. Біздің есімізде көп нәрсе қалады, өйткені біздің артымызда 12 айлық қызмет қана емес, жүрегімізде терең із қалдырған өмірдің бөлек бір кезеңі. Қызметіңіз үшін рахмет, — деді ефрейтор Ринат Өмірзақ.

Салтанатты қоштасу рәсімі бөлімнің жеке құрамының салтанатты шерумен өтуімен аяқталды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шымкентте әскерден оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Next Post

Шымкент: Әскери бөлімде бақылау тексерісін тапсыру аяқталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі