13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскерден оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

26 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскерден оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды
Share on FacebookShare on Twitter

Жас жауынгерлерді қарсы алу іс-шарасын гарнизон мен қалалық қорғаныс істері департаменті бастығы ұйымдастырды.

Осы кеште Семей-Қызылорда пойызының келуі ерекше болды. 35748 әскери бөлімінің оркестрінің салтанатты шеруінің үнімен Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Дастан Мұхамеджанов, қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, Қарулы Күштердің ардагерлері, сарбаздардың туыстары мен достары Отан қорғаушыларды теміржол вокзалының перронында гүлдермен және шарлармен қарсы алды.

Запасқа шығарылған әскери қызметшілердің кездесуі нағыз мереке атмосферасын құрған әскери оркестрдің шеру әуенімен өтті.

— Осыдан тура бір жыл бұрын осы теміржол вокзалынан біз бұл жігіттерді әскер қатарына қосқанбыз. 12 ай ішінде олар нағыз батылдық емтиханынан өтіп, мінездерін шыңдап, өздерін қайта құрды. Әскери мектептен тәлім алған жастардың жұмысқа орналасу жағынан үлкен артықшылықтары бар, — деп атап өтті қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев.

Туған қаласында пойызбен келіп жеткен жауынгерлер ата-аналары мен жақындарының жүздерін көргенде ерекше қуанышқа бөленді.

– Мен 12740 әскери бөлімінде қызмет еттім. Осы уақыт ішінде үлкен тәжірибе жинадым, жасым ұлғайып, ұстамдылығым арта түсті. Әскери және арнайы техникамен жұмыс істеу дағдыларын игеріп, ұжымда жұмыс жасауды үйрендік. Басында қиын болды, бірақ кейін барлығына үйреніп кеттік. Қызмет барысында әртүрлі жаттығуларға қатыстық. Менің ойымша, әрбір жігіт осы мектептен өтуі керек, – дейді қатардағы Бәйдібек Тұрған.

Айта кетсек, сарбаздардың туыстары мен достары олардың бой түзеулері мен қалыптастырған тәртіптілігіне ерекше таң қалды. Әрине, осындай елінің, жерінің берік қорғаны болатын адамды тәрбиелеу үшін командирлер, сержанттар, нұсқаушылар және сарбаздардың өздері көп жұмыс істеді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентәскер
Previous Post

В Шымкенте залили пеной условно горевший самолет

Next Post

Шымкентте сарбаздар әскери борышын аяқтады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі