13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту; қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау; оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту. Қазақ тілінде ән айту, мәнерлеп оқу, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін жақсы меңгеру арқылы Қазақстанның болашағы үшін аянбай қызмет ететінін көрсеткен нағыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» жастарға ерекше қолдау көрсету болып табылады.Сонымен қатар, қазақ әдебиетіндегі шығармаларды (ертегі, батырлар жырын) жаңа форматта жандандыру, жасөспірімдерді отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру, оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетіндегі мақал-мәтелдерді, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі жанрларын жандандыра отырып насихаттау және қазақ тілі жанашырларын, жас буын өкілдерінің арасынан тілді терең меңгергендігін анықтау, оларды таныту.
Олимпиада жалпы білім беретін оқу орындары арасында ұйымдастырылды.
Аталмыш байқау 5 бағыт бойынша өткізілді:

— «Бейнелеушілер» ертегілер мен батырлар жыры бойынша суреттер салды,
— «Жас қаламгерлер» белгілі әңгімелерді өз ойымен жалғастырып жазды, суреттерге қарап, әңгіме құрады,
— «Білгірлер» мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш айтып жарысты,
— «Сөз шеберлері» әдеби тақырып бойынша өз ойларын айтты,
— «Әнші бұлбұлдар» қазақ әндерін нақышына келтіре шырқады.
Байқау өз дәрежесінде жоғары деңгейде өтті және оқушылардың көркем шығармаға деген құштарлығын арттыруда ықпалы орасан зор болды. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орынды иеленген оқушылар сәуір айының соңында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

Previous Post

В Шымкенте стартовал прием заявок на льготное микрокредитование молодежи

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҒЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі