13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҒЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

19 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҒЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында Ғылым қызметкерлері күні мерекесіне орай Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері марапатталды.
Келелі жиынға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ғылым қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтап, оларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хаты мен Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатын табыстады.

«Өздеріңізге белгілі, ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру, оларды ақтау үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін мемлекеттік және өңірлік комиссиялар құрылып, жұмыс жасауда. Түркістан облысы бойынша құрылған комиссия құрамында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Қазақстанның және шет елдердегі құжаттарды құпиясыздандырып, жинақтап, негізсіз жазаланған азаматтарды ақтау бойынша жасап жатқан еңбектеріңіз орасан зор», — деді Бейсен Дәулетұлы.

Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия 2021 жылғы 14 қаңтарда құрылып, жұмысына архив қызметкерлерімен қатар, PHD докторлары, профессорлар, кандидаттар мен мүдделі мекеме қызметкерлері тартылған. Сондай-ақ, облыстағы 17 аудан, қалада тұрғындармен тікелей байланыс орнату мақсатында облыстық жауапты басқармалар мен аудан, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары бекітілген. Осы орайда, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Комиссияның жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қажетті қаражат қарастырылып отыр. Қазіргі таңда «Алаш қозғалысы» және «Халық жады» бағыттары бойынша қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, бүгінгі таңда Түркістан облысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған 8 монументтік және мемориалдық ескерткіш орнатылған.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА "ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Next Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТУМАСЫ, ЖАС ҚАЛАМГЕР ЖӘМИЛА БАХТИЯРҚЫЗЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ. МАХАББАТ ЕСКЕРТКІШІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі