13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫЛАР ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫЛАР ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» тақырыбында оқушылар дебатының аудандық кезеңі өтті.

Дебаттың аудандық кезеңіне аймақтық кезеңдерде жеңімпаз атанған 12 команда қатысты. Нәтижесінде қазақтілді командалар арасынан Қ.Байболов атындағы жалпы орта мектептің оқушылары, ал орыстілді командалар арасынан Бірінші Мамыр жалпы орта мектебінің білім алушылары жеңіске жетіп, дебаттың облыстық кезеңіне жолдама алды.

— Дебаттар логикалық, сыни тұрғыда ойлауды, сөйлеу дағдысын дамытып, коммуникативті мәдениетке тәрбиелейді және өздігінен шешім қабылдауға дайындайды, тұлғаның қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Осы айтылғандар Төлеби ауданының мектептерінде басшылыққа алынып, бұл білім мекемелерінің барлығында дерлік дебат клубтары жұмыс жүргізуде. Дебат клубтары оқушы жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымдарды қалыптастыруды, білім алушыларға шешендік өнерді меңгертуді, оларға дипломатиялық дауларды шешуді үйретуді мақсат етуде, — дейді Төлеби аудандық білім бөлімінің әдіскері Салтанат Жұманова.

Бүгінгі таңда қазақстандық мектептерде дебат қозғалысы белсенді дамып келе жатқанын айта кетейік. Жалпы республика бойынша дебат клубтарының саны 6 мыңнан асады. Оларға 100 мыңнан астам оқушы барады.

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам дебат турнирі өткізіледі, оған ондаған мың студент пен оқушы қатысады. Елімізде оқушыларды пікірсайыс өнеріне баулитын 100-ден астам адамнан құралған тәжірибелі ұлттық пікірсайысшылар пулы қалыптасты. Сонымен қатар колледждер мен мектептерде дебат клубтарына көмектесу үшін студенттік десанттар құрылып жатыр.

Previous Post

Түркістан облысы: «ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ» ОНКҮНДІГІ ӨТТІ

Next Post

Азаптауға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі Алматыда өткен конференцияда қаралды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі