13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: «ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ» ОНКҮНДІГІ ӨТТІ

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: «ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ» ОНКҮНДІГІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Білім беруді дамыту орталығының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі-оқыту сапасын арттыру кепілі» тақырыбындаонкүндік іс-шарасы өтті.

Шара шеңберінде «Шеберлер қаласы: ата – бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану сәндік қолданбалы шығармашылық көрмесі салтанатты түрде ашылды. Көрмеге Түркістан, Сауран, Кентау адами әлеуетті дамыту бөлімдерімен қоса, өзге аудан-қалалар да қатысып, белсенділік танытты.
Онкүндік — педагогтің кәсіби дамуға бағытталған жұмыстарын жандандыру, іс-әрекеттерді жаңаша ұйымдастыру қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аясында педагогтердің тәжірибе алмасуына, озық тәжірибені бөлісуіне, жас мамандардың кәсіби біліктілігінің көтеруіне бағытталған.
Сонымен қатар, онкүндік аясында Түркістан қаласының «Ертөстік», «Балапан», «Толағай» бөбекжай-балабақшалары мен №31 Бастауыш мектеп балабақша кешені базасында облыстық тәжірибелік семинар өтті.

Тәжірибелік семинар «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңашылдықтарын меңгертуде педагогтердің шеберлік алаңы», «Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығы», «Мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын арттыруда эксперименттік жұмыстармен айналысудың тиімділігі», «Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналар мектебін қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыптарында жаңа форматта ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, педагогтердің педагогикалық қызметте өзін-өзі жетілдіруіне, талдау жасауына, шығармашылық қабілеттері мен кәсіби ұстанымдары, педагогтердің оқу-тәрбие процесіне инновациялар енгізуде және ізденуде мотивациялары арта түспек.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖДЕРГЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫЛАР ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі