13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау форматы өзгерді

20 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау форматы өзгерді
Share on FacebookShare on Twitter

Енді Түркістан өңірінде білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындаудың “Әңгімелесу” кезеңі тікелей эфирде өтеді. Бұл өз кезеңінде ашықтық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін қолға алынған. Бұл бастаманы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Түркістан облысына енгізді.

Ашық форматтағы конкурстың қорытынды кезеңінде комиссия төрағасы сайланбалы түрде, яғни әр отырыста дауыс беру арқылы комиссия төрағасы тағайындалады. Бұл да тікелей эфирде жүргізіледі. Ал, комиссия мүшелері сыбайластық тәуекелдердің алдын-алу мақсатында конкурстық комиссияның құрамына ұдайы өзгерістер енгізіліп отырады. Комиссия ашық дауыс беру тәртібімен дербес шешім қабылдайды.
Конкурстың әңгімелесу кезеңі әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім арқылы жарияланады. Бұл жөнінде алдымен үміткерлерден келісім алынады.Және әлеуметік желіде видео өшірілмей сақталып тұрады.

Конкурстық комисия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін ҚР 18 жасқа толған кез-келген азаматы бақылаушы бола алады. Ол үшін әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабардар етуі қажет.
Сондай-ақ, өзгертілген заңдылыққа сәйкес қазіргі уақытта қамқоршылық кеңес кандидатураларға өз ұсынымдарын береді. Кандидатуралар қамқоршылық кеңестің шешіміне байланыссыз облыстық деңгейге әңгімелесуге қатысу құқығына ие.
Бастысы,”Әңгімелесу” кезеңі министрліктің №57 бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 бұйрығы (Бұдан әрі-Бұйрық) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» негізінде конкурстық негізде жүргізіледі.

Previous Post

Более 16 тысяч молодых шымкентцев получат новую работу

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖДЕРГЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі