13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі бір ауданда биыл 70 көшеге асфальт төселеді

18 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі бір ауданда биыл 70 көшеге асфальт төселеді
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі Қаратау ауданында биыл 70 көшеге асфальт төселеді. Мұндай мәліметті әкімдіктегілер хабарлады. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, асфальттеу жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық» шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында, «Бозарық» саяжайында жүргізілетін болады. Сондай-ақ Қаратау аумағында 4 шағынаудандағы көшелерге шағал тас төсеу жоспарланып отыр. Ал көшелерді жарықтандыру жұмыстары «Нұртас», «Тұран», «Қайтпас», «Мирас» шағынауданындарында, «Сайрам», «Мәртөбе», «Тассай», «Таскен» тұрғын алаптарында атқарылады. Жоспар бойынша 24 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі деп күтілуде.

Сонымен қатар жыл соңына дейін «Сайрам», «Тұран» елді мекендеріндегі атауы жоқ немесе атауы моральдық тұрғыда ескірген көшелерге тарихи тұлғалардың есімдері берілетін болады.
Айта кетсек, бұған дейін қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында «Ақжайық» шағынауданы тұрғындары елдімекен аумағындағы бірқатар көшені жөндеуден өткізу бойынша өтінішін жеткізген болатын. Тұрғындар талап-тілегі ескеріліп, 2021-2025 жылдарға арналған жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына Алпысбаев және Сәдуақасов көшелерін орташа жөндеуден өткізу жобасы енгізілді.

Ұзындығы 2,2 шақырым нысанда бүгінде құрылыс жұмыстары басталды. Сметалық құжаттамаға сәйкес, көшелердің ені 5 метрді құрайды. Бұған дейін «Ақжайық» елдімекендегі көшелердің 90 пайызы асфальттелген.

Биыл жалпы қала аумағында 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Бұлан өзге Шымкент қаласы әкімдігіндегілердің мәліметінше, бүгінде 60 мыңнан астам халқы бар «Қайнарбұлақ» елдімекеніне бір мезетте бірнеше инфрақұрылым жүйесі тартылуда. Тұрғындар биыл электр желісімен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Маусым айынан бастап 70 шақырымдық электр жүйесінен 3 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатына қосыла бастайды. Қазірдің өзінде жарықтандыру жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін елдімекенге ауыз су құбырлары тартылып, жергілікті тұрғындар сапалы тіршілік нәріне қол жеткізетін болады. Сондай-ақ көшелерге табиғи газ құбырлары жүргізілуде. Нысан келесі жылы пайдалануға берілмек.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАН КӘСІПКЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Next Post

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: ШЫМКЕНТТЕ 150-ДЕН АСТАМ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі