13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі: «Мектептер түгелдей жылдам интернетпен қамтылу керек»

17 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі: «Мектептер түгелдей жылдам интернетпен қамтылу керек»
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы барлық білім ғимараттары толықтай жылдам интернетпен қамтамасыз етілуі қажеттігін тапсырды. Бұл туралы шаһар басшысының төрағалығымен өткен арнайы жиында айтылды.

Басқосуда “Жайлы мектеп” Ұлттық жобасын іске асыру тетіктері қарастырылды. Пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.

Алдағы жылы қалада 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.

Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы да талқыланды.

Қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы жоспарланған мектеп ғимараттарына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді тапсырды.

“Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар. Мектепке қатынайтын қосымша маршруттар бекітіңіздер. Білім ғимараттары түгелдей жылдам интернетпен қамтылуы тиіс” – деді қала әкімі.

Сондай-ақ шаһар басшысы халықтың демографиялық өсу динамикасын ескеріп, алдағы уақытта білім ғимараттарының орындарын Бас жоспарға сәйкес белгілеп алу қажеттігін ескертті. Басқарма басшыларына құрылыс барысындағы өзекті мәселелерді бірлесе, дер кезінде оңтайлы шешуді тапсырды. Шымкент қалалық білім басқармасының мәліметінше, шаһарда білім беру ұйымдарын цифрландыру жұмыстарының қарқыны артқан. Қазіргі таңда 100 мектептегі интернет жылдамдығы 100 мб/с дейін өсті.

Еске салсақ, бұған дейін білім беру жүйесін дамыту жөніндегі «Жол картасы» аясында биыл мамыр айында «Оқушылар сарайы» мен «Өнер мектебі» пайдалануға берілетіні белгілі болған еді. Жаңа нысандар Шымкент қаласының тағы сегіз мың баласын тегін қосымша біліммен қамтиды. Жалпы қаладағы оқу орындарының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсарып келеді. 141 мектепке 320 интерактивті панель, химия және биология кабинеттері сатып алынды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72%-дан 85%-ға өсті. Сонымен қатар төрт мектеп аумағында типтік спорт алаңдары салына бастады. №65, №8, №45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Ал Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің соңғы үлгідегі қосымша құрылысы да маусым айында бітеді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: 3-6 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕР 100 ПАЙЫЗ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Next Post

«Бозарық» пен «Жұлдыз» республикалық индустриалды аймақ мәртебесін алмақ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі