13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 3-6 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕР 100 ПАЙЫЗ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТЫЛҒАН

17 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: 3-6 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕР 100 ПАЙЫЗ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТЫЛҒАН
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды». Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдау барысында тиісті мемлекеттік органдарға берген тапсырмасы.

Бұл мәселе миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласында да күн тәртібінен түскен емес.
— 2022 жылы 2-6 жас аралығындаға бүлдіршіндерді балабақшамен қамту — 76,2 пайыз, ал 3-6 жас аралығындағы балаларды 100 пайыз қамту жоспарланған-ды. Былтыр Шымкентте 2710 орынға арналған 33 жекеменшік балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспары толығымен орындалды. Нәтижесінде қаладағы 587 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кезекте тұрған 85 830 баланың 79 857-сі балабақшамен қамтылып, жалпы көрсеткіш 93 пайызға жетті. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 63 601 бала толығымен, яғни 100 пайыз мектепке дейінгі ұйымға қабылданған. Ал, 2-6 жас аралығындағы 81 314 баланың 76 619-сі балабақшамен қамтылып, бұл 94 пайызды құрап отыр, — дейді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева.

Мемлекет басшысы «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуі тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан, балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет» деген болатын.

Осы мақсатта Шымкентте «Бір топта күні бойы екі педагог» пилоттық жобасы іске қосылды. Яғни, қаладағы 3 балабақшада — №56 және №63 мемлекеттік, «Әйгерім» жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымында жүргізіліп отыр.
Айта кетейік, Шымкентте 2025 жылға 2-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуді 95,2% пайызға жеткізу мақсатында жаңа 9000 орын ашу жоспарланған.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 37 МЫҢ ОРЫНДЫҚ 25 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНАДЫ

Next Post

Шымкент әкімі: «Мектептер түгелдей жылдам интернетпен қамтылу керек»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі