13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНКЕС ЖӘНДІКТЕР МЕН КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

11 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ЗИЯНКЕС ЖӘНДІКТЕР МЕН КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қаланың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыров мәлімдеді.
Дезинсекциялау мен кенеге қарсы энзоотикалық залалсыздандыру жұмыстары қала аумағындағы 37 өзен-канал, 11 саябақ және 38 гүлзарға жүргізіледі.
–Кеміргіштерге қарсы өзен жағалауы мен суару каналында 160,7 мың, қала орталығындағы барлық қоқыс контейнер айналасындағы 16,7 мың шаршы метр аумақ залалсыздандырылады. Ал, масаларға қарсы өзен-канал жағалауындағы 135,2 мың, саябақтарда 248,6 мың, гүлзарлар мен аллеяларда 855 мың шаршы метр дезинсекцияланады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыратын мекемелер мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ашық конкурс тәсілімен анықталып отыр,-деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, ірі қара мен ұсақ малдарды бүрку жұмыстары жүргізіледі. Басқарма тарапынан 95,2 мың ірі қара, 88 мыңнан аса ұсақ малды тоғыту жұмысы жоспарланған. Бұл жұмысқа қаланың «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу мекемесінен бүркегіш құрылғысы бар 6 автокөлік, 18 қызметкерден тұратын 6 бригада жұмылдырылған.
–Қажетті 2 434 литр сұйықтық пен 34 979 кг ұнтақ препараттар үшін 31,8 млн-нан астам қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеткізілді. Препараттар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен қолдануға рұқсат етілген,-деді А.Жанбатыров.
Брифинг барысында қала төңірегіндегі ауыл шаруашылығы жерлеріне едәуір зиян келтіретін саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмысы жүргізілетіні де айтылды. Өткен жылы «Болжау» орталығы 1 250 гектар жерге химиялық өңдеуді ұсынған болса, биыл 1 150 гектар алқап шегірткеге қарсы дәріленеді екен.
Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» САЯСАТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Next Post

Қоқыс полигондарына қандай санитарлық талаптар қойылады?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі