13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БІРІҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУДА 350 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ

5 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: БІРІҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУДА 350 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің қоғамдық қабылдауы әр айдың алғашқы сәрсенбісінде арызын айта келген қалалықтарды жинайды. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауына 350 азамат жазылып, өтініштерін білдірді.

Тұрғындар жауаптыларға пәтер, жер кезегі, инфрақұрылым және жеке мәселелеріне қатысты түрлі талап-тілектерін жеткізді. Қаланың прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды. Тұрғындарға баспанамен, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың жаңа талаптары түсіндірілді.

Мұрат Дүйсенбекұлы азаматтар өтініштерінің заң шеңберінде шешілетінін жеткізіп, сала басшыларына бірде-бір өтінішті ескерусіз қалдырмау қажеттігін ескертті.​ Ал көлік кептелісін болдырмау мақсатында салынып жатқан жолайырық оған жақын жердегі жолдарды тоздырып барады. Ағылған көлік Түркістан шағын ауданындағы ішкі жолдармен жүруге мәжбүр. Оның ішінде құрылысматериалдарын тасып жатқан ауыр техникалар да бар. Шағын ауданның мәселесін жеткізе келгендердің тірлігі оңынан болды. Әкім қабылдапжол қатынастары басқармасының басшысына сілтеді. Тиісті мекеме мәселенің ары кетсе 4-5 айда шешілетініне сендірді.

​Қоғамдық қабылдауда қала әкімімен қоса атқарушы биліктің барлық тармағы мен құқық қорғау қызметі басшылары да қатар отырып, халықты тыңдады. Қабылдауға келген 500-ден аса азаматтың жартысына жуығы сауалдары мен проблемаларын мегаполис әкіміне тікелей айтуға мүмкіндік алды. Айтылып жатқан мәселелердің дені әлеуметтік салаға қатысты болды.

​Тұрғындардың негізгі мәселелері мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант жөнінде, сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар өтінім берген екен. Сол кісілерге тәртібін түсіндіріп бердік,-дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар басқармасының басшы орынбасары Мақсат Жолдасбеков.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің ішінде шаһардың дамуы мен өркендеуі жолындағы қала әкімінің жұмысына ризашылығын білдірген тұрғындар да болды.

Шымкент қаласында мұндай ауқымды қоғамдық қабылдау «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында былтырдан бері өткізіліп келеді. Әкімнің бұқарамен кездесуінде айтылған талап-тілектің дені шешімін тапқан.

Previous Post

Аким Шымкента провел очередной прием граждан

Next Post

В Шымкенте началось строительство двух современных поликлиник

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі