13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 107 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

8 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 107 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Халықтың әл-ауқаты басында басапанасымен және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуімен өлшенеді. Сондыктан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орныктыру мен мемлекетті баскаруда аса манызды орын алады.

Жер бетіндегі дамудың тұрағы, тұткасы, тірегі — адам, адамның қоғамдағы тыңғылықты іс-әрекеттері, сондай-ақ қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты камтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметік кызметі. Адамның денсаульғын қадағалайтын, білім жүйесін жетілдіретін, мәртебесін көтермелейтін, азаматтық жауапкершілігін арттыратын бастамалар — халықтың әл-ауқатын арттыруда, одан әрі ел зкономикасынын дамуында ерекше сипат алады. Сол бастаманың бірі халықты тұрғын үймен камтамасз ету мәселесі де — әлеуметтік саясаттың бас желісі болып табылады.

Біздің азаматтарымыз үшін тұрғын үдің қолжетімділігі мен сапалылығы — мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы Мемлекеттік саясатының басты мақсаты — Қазақстан халкының әл-аукатын арттыру атты Жолдауында тұрғын үйге қолжетімділікті камтамасыз ету үшін негізгі бағыттарды айкындап, тұрғын үй құрылыс саласы — экономикамыздың алға сүйреуші күші екендігін атап еткен болатын.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды шарты, осыған байланысты Мемлекет басшысы құрылыс саласын жаңғыртуға және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жағдайын жақсартуға баса назар аударып отыр.

Бүгінде шаһардағы Бозарық шағынауданында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Қазір мұнда мемлекет бюджеті есебінен 49, жеке инвесторлар тарапынан 58 көпқабатты тұрғын үй салынуда.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекеннің даму жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Биыл шағынауданында 9 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы жоспарланған.
Жыл соңына дейін олардың 5-еуінің құрылысы аяқталады. Былтырғы жылы осы аумаққа газ, су, электр, кәріз жүйелері жүргізілген, қазір мұнда ішкі орам жолдары салынуда.

Жоспарға сәйкес алдағы уақытта шағынауданда мектеп, емхана, спорт кешені бой көтереді. Құрылыс қарқынымен танысқан қала әкімі жауаптыларға ең алдымен, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жылдамдатуды ескертті. Сондай-ақ жеке инвесторлар тарапынан салынып жатқан көпқабатты үйлердің эскизін бекітіп, барлық нысандардың сапасын, сәулеттік ерекшеліктерін қадағалауды тапсырды.

Previous Post

Шымкент : «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері табиғатты қорғау акциясына қатысты

Next Post

ШЫМКЕНТ: Алдағы бесжылдықта импортты алмастыруға басымдық беріледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі