13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

7 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте мұнай өңдеу зауытындағы (МӨЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

«7 сәуірде Шымкент МӨЗ («ПҚОП» ЖШС) жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жоспарға сай сәуірде ПҚОП 366 мың тонна мұнай өңдеуі қажет. Бензин өндірісі 110,1 мың тонна, дизель отыны – 114,8 мың тонна, сұйытылған мұнай газы – 15,1 мың тонна, әуе отыны – 19,3 мың тонна, мазут – 77,6 мың тонна көлемінде жоспарланып отыр» делінген баспасөз хабарламасында.

Айталық, мұнайды бастапқы айдау қондырғысы жұмыс режиміне жоспарлы мерзімінен бір тәулік бұрын, каталитикалық крекинг қондырғысы 5 тәулік бұрын шығарылды.

Мұнайды бастапқы айдау, каталитикалық риформинг, дизель отынын гидротазарту, керосинді гидротазарту, каталитикалық крекинг қондырғыларының жекелеген бөлшектерін ауыстыру, қалпына келтіру және жабдықтарын баптау сияқты іс-шаралар атқарылды. Жөндеуге 22 мердігер ұйым мен 1305 маман тартылған.

«Азаматтық қорғау туралы» заңының талаптарына сай жабдықтар мен техникалық құбырларға техникалық куәландыру мен өнеркәсіптегі қауіпсіздігіне сараптама жүргізілді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша «ПҚОП» ЖШС рекордтық көлемде 6,2 млн тонна мұнай өңдегенін еске сала кетейік. Бұдан бұрын Мемлекет басшысы зауыттың өндірістік қуатын арттырып, мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойған болатын.

Айта кетсек, Шымкентте сұйытылған газ тапшы екенін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов растаған болатын. Бұл мәселені шешу үшін әкімдік министрлікпен бірлесіп жұмыс істеп жатыр екен. Жалпы, заң бойынша газды шектік баға 58-60 теңгемен сату үшін әр айда арнайы квота беріледі. Мәселен, сәуір айында қалаға 6,5 мың тонна квота бөлінген. Мақсұт Исаховтың айтуынша, газбен қатынайтын көліктердің 22 пайызға артуына байланысты бұл үшінші мегаполиске жетпей жатыр.

Previous Post

Ремонт на шымкентском НПЗ завершен раньше запланированного срока

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі