13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік шәкірттер республикалық пән олимпиадасынан 22 медаль жеңіп алды

5 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік шәкірттер республикалық пән олимпиадасынан 22 медаль жеңіп алды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік дарынды оқушылар республикалық пән олимпиадасынан 22 медаль жеңіп алды. Оның 17-сі «Білім-инновация» лицейінің оқушыларына тиесілі. Осылайша мектеп білім шыңын бағындыруда өз рекордын жаңғыртыпты. Қазір жоғары нәтиже көрсеткен лицей шәкірттері ұлттық құрамаға ілікті. Енді олар ел намысын шетелдерде қорғайтын болады.

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы республикалық пән олимпиадасынан шымкенттік оқушылар 22 медаль еншіледі. Оның 17-сі ұл балаларға арналған білім инновация лицейінің шәкірттеріне тиесілі. 9 сынып оқушысы Досымжан Назарбай білім сайысында физика бағыты бойынша ең жоғарғы балл жинап, абсалютті 2 орыннан көрінді. Нәтижесінде пән олимпиадасының алтын медаліне ие болды.

«Бірінші турда теория, екінші турда эксперимент жасадық. Бірақ 2-тур виртуалды өтті. Ол жерде есептер термодинамика тақырыбынан келді. Тапсырмада тұзды су мен тұщы судың еру кезіндегі айырмасын табу керек болды»,- деді Республикалық пән олимпиаданың алтын медаль иегері Назарбай.

Мектептен физика пәні бойынша 4 оқушы қатысқан. Пән мұғалімдерінің айтуынша соның ішінде кішкентай болса да, Досымжан өзіне талапты жоғары қойып, тынымсыз дайындығының арқасында жеңіске жеткен.
«Республикалық кезеңге 4 оқушы қатысты. Оның 2-еуі орын алды. Досымжан Назарбай деген оқушым, 50 шақты оқушының ішінен абсолют екінші болып, алтын медаль иеленді. Жеңіске жеткені еңбектің арқасында. Қажырлы еңбегі. Дисциплинасы өте жақсы»,- деді физика пәнінің мұғалімі Азат Нұрмұхамет.

Еске салсақ, 2021 жылы Олимпиада қорытындысы бойынша Шымкент қаласының шәкірттері үздік нәтиже көрсеткен болатын. Яғни, 2 алтын, 11 күміс, 18 қола медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ, қаламыздың 6 мектебі еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына енген болатын.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ​109 орталығына түскен шағымның 93,5%-ы орындалды

Next Post

Радиациялық қауіптілік және алдын алу шаралары

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі