13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ​109 орталығына түскен шағымның 93,5%-ы орындалды

5 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ​109 орталығына түскен шағымның 93,5%-ы орындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Наурыз айында Шымкент қаласындағы 109 орталығына 27 347 арыз-шағым түсті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған шағымдардың ішінде 93,5%-ы орындалды. Қалған талап-тілектер жауапты мекемелердің қарауында. Бұдан бөлек 19473 мәселе 1 қоңырау шалудан шешілді. Арыздар көбінесе 109 нөмірі арқылы қабылдануда. Байланыс тетігі арқылы өткен айда 23 178 шағым тіркелді. Қалған арыз-шағымдардар әлеуметтік желілер арқылы жолданған.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, халықпен кері байланыс орнатуды күшейту үшін Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен 2020 жылы «Айкөмек-109» атауымен орталық ашылған болатын. Бүгінде орталық қала тұрғындарын жергілікті билік өкілдерімен байланыс орнатуда тиімді жұмыс нәтижесін көрсетіп отыр. Орталық тәулігіне 24 сағат демалыссыз қызмет етіп, азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешумен айналысады. Мұндағы мамандар шағым кел­ген бойда тиісті мекемемен бай­ланысады. Ең бастысы, арыз­дан­ған тұрғынмен кері байланыс ор­натылып, жұмыс барысы баян­да­лып отырады.Қаладағы басқармалар арыз-шағым түсу саны бойынша 3 топқа бөлінген. I топқа ең көп мәселе түсетін басқарма – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы кіреді. ІІ топқа талап-арыз орта деңгейде түсетін басқармалар жатады. Олар – ауыл шаруашылығы және ветеринария, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы және денсаулық сақтау басқармасы. Бұл басқармаларға ай сайын 150-400 аралығында арыз-шағым түседі. ІІІ топқа қалған 18 басқарма жатады: тұрғын үй, құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, цифрландыру, білім, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, қалалық орта сапасы және бақылау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармалары 1 ай көлемінде түскен тұрғындардың сұрақтарына толықтай жауап беріп, орындады.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 26 маусымында ашылған Шымкент қаласының ситуациялық 109 орталығы тәулік бойы істейді. Орталықтың 36 қызметкері 6 ауысым бойынша 24/7 режимінде қызмет етеді.

Алғашында мекеме қызметкерлері қала тұрғындарына 30 қызмет түрін көрсетіп, 2021 жылы қызмет түрлері 93-ке дейін артты. Ал қазіргі таңда орталық көрсететін қызмет түрлері 120-ға дейін жетіп отыр. Оның ішінде қала тұрғындары автобус паркіне жұмысқа орналасуға өтінім білдіру, еңбек қатынастары бойынша туындаған мәселелер, интернетке қосылуға өтінім беру қызметтері бойынша да хабарласа алады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: САРБАЗДАР ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Next Post

Шымкенттік шәкірттер республикалық пән олимпиадасынан 22 медаль жеңіп алды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі