13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы 20 көшеге кәріз жүйесі жүргізіледі

4 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданындағы 20 көшеге кәріз жүйесі жүргізіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 92,5% құрайды. 2023 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша 20 көшеге кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалау сметалық құжат әзірленіп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев брифинг барысында айтты. Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 92,5% құрайды. 2022 жылы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан Шолохов, Хлопзавод көшелерін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары толығымен аяқталып қолданысқа берілді.

2023 жылы «Химфарм» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілген, бүгінде 20 көшеге кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалау сметалық құжат әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, 2024 жылдың жоспарында «Сәуле», «Ақтас-2», «Көркем», «Береке» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжат энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан әзірлену жоспарлануда. Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99% құрайды. 2022 жылы «Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігер мекеме 195-орамынында «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. 276-орамынында мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда.

Бүгінде Әл-Фараби ауданында ұзындығы 267 шақырымды құрайтын 382 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 234,3 шақырымы асфальт, 28,2 шақырымы тас жолды және 4,5 шақырымы топырақ жол құрайды.

Ағымдағы жылы 27 көшеге асфальт төселді.
Атап айтқанда:

• «Сәуле» ш/а 195-орамдағы, Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаұлы, Атауы жоқ №1 көшелері;
• «Сәуле» ш/а. Женістін 50 жылдығы №1,2, Жастар, Жабаев, Жаңабазар тұйықтары мен Маркакөл, Ақсемсер, Мұратбаев көшелері;

• «Сәуле» ш/а 275-орамдағы, Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш, Баянауыл көшелері;

• Орталық аумақта А.Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесінің тұйығы мен Иляев көшесінің кіре беріс аумағы, Ш.Қалдаяқов көшесінен «Хадиша» бала-бақшасына дейін, М.Сапарбаев көшесі, «МЖК» ш/а. В.Терешкова мен Қамал тұйығы, Терешкова өткелі және Красноярский, Бекетті көшесі;

• Ескі қала ш/а, Милицейский, Қызыл әскер, Құлантау көшелері.

Сонымен қатар, 2022 жылы шалғай елді мекенде орналасқан 34 көшеге 15,3 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Береке» шағын ауданы 195 орамдағы 6 көше , 275 орамдағы 16 көшеге, 276 орамдағы 12 көшеге шағал тас төселді.

Previous Post

Шымкентте Президенттің Жолдауы іске асып келеді

Next Post

Шымкентте жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған жиын өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі