13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «ҚОШҚАР АТА» ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

4 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: «ҚОШҚАР АТА» ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қошқар ата саябағы толықтай жаңартылады. Шілденің шіліңгір ыстығында тұрғындар саялайтын сүйікті орны енді адам танымастай өзгереді. Жауаптылар қазіргі таңда демалыс аймағының жаңа жобасының әзірлеп жатқанын айтты.

Қошқар ата саябағы биыл адам танымастай күйге енбек. Ол үшін жауаптылар демалыс аймағының жаңа эскизін дайындап жатыр. Олардың айтуынша бідің көзімізге үйреншікті мына өзен арнасы кеңейіп, бұл орында шомылатын бассейн орын тебеді деп күітуде. Сондай –ақ, концерт өткізуге арналған сахна да орнатылатын көрінеді.

Демалыс орнындағы жаңашылдықты жергілікті тұрғындар қолдайды. Деседе жасыл желекке зияны келмесе деген өтініштері тағы бар. Сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңшалары мен демалатын жайлар көп болса деген ұсыныстарын жеткізді.

«Мынандай қара ағаштар көптеп отырғызу керек. Бізде әдетте шырша ағашатарымен сәндеп тастайды. Негізінде саябақ болған соң көлеңке көп болғаны жақсы. Сонымен қатар спорт алаңшаларын көптеп орнату керек. Ол балалар үшін тиімді болады»,- деді Рината Аминова, қала тұрғыны.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары «Қошқар ата» бұлағының бастауына күрек салмаймыз дейді. Заманауй үлгіде саябақта жаңға қажеттінің барлығы болады. Веложолақ, жаттығу алаңшасы, волейбол мен баскетбол алаңшасы, жарықтандыру, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін күні-түні бақылайтын бейнебақылау камерасы орнатылады. Полиция пункіті де қарастылған.
Саябақтағы құрылыс жұмысы жазғы шомылу маусымымен тұспа-тұс келуі мүмкін. Аптап ыстықта саялауға келген тұрғындарға ол кезде кедергі келмейді дейді басқарма өкілі.

Айта өтейік, жауаптылар «Қошқар ата» саябағында құрылыстың нақты қашан басталатынын дөп басып айтпады. Сондай-ақ сметалық құжаттар әзір болмағандықтан қанша қаржы жұмсалатыны да әзірге белгісіз.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ИМАМДАР ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН ИГІ ІС ЖАЛҒАСУДА

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі