13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ БАСТАЛДЫ

20 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ БАСТАЛДЫ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі уақытша тоқтағанымен мұнай өнімдерінің тапшылығы сезілмеуі тиіс. Ол үшін Атырау мен Павлодардағы зауаттардың жүктемесі артып, өндіріс көлемі ұлғайтылды. Кәсіпорынның жоспарлы алдын-алу жұмыстарымен танысуға «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының өкілдері арнайы келді. Себебі өткен жылы жүргізілуі тиіс болған жөндеу, мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін бір жылға шегірілген. Сондықтан зауытты толық техникалық тексеруден өткізіп, қажетті жабдықтарды сапалы жөндеу күн тәртібіне қойылды.

Біраз жұмыстар жиналып қалды. №101 пеш дейді. Транспортный трубо провод, содан кейін катализаторды ауыстыруымыз керек. Дизельный топливаның сапасын жақсарту үшін. Оның бәрі әсер етеді. Уақытылы ауыстырмаса тоже ертең дизель отынының көлемі азайып кетеді. Сол үшін жоспарланған жұмыстардың бәрін істеп жатырмыз, — дейді «Петроқазақстан ойл продактс» ЖШС техникалық директоры Бақыт Ерегенов.
Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен үш аптаға созылады. Белсенді топ осы уақыт аралығында мұнай өнімдерінің тапшылығы болмайтынын айтады. Ол үшін жеткілікті мөлшерде жанар-жағармайдың мол қоры жинақталды. Бұл ішкі сұранысты толық өтеуге мүмкіндік береді.

Зауыт кезекті жөндеу жұмыстарына мұнай өнімдерінің мол қорымен шығып отыр. Яғни дизель отыны 29 мың тонна, ал АИ – 92 бензинінің 30 мың тоннасы бар. Сондықтан құзырлы органдар дизельдің бөлшек саудасын мұқият тексеруі керек деп ойлаймын. Елде мұнай өнімдерінің тапшылығы сезілмеуі тиіс, — деді «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев.

Былтыр кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеп, рекорттық көлемде мұнай өнімдерін өңдеді. Жылына 6 миллион тонна жанар-жағармай шығарылды. Ішкі нарықтың 40 %-ін сұйық отынмен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта бұдан да маңызды міндет тұр. Мамандар 2029 жылға қарай өндіріс қуатын кемінде 9 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға күш салмақ.

Previous Post

«НАУРЫЗ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛАДЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТУДЕ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ «ДӘМДӘСTOUR» ФЕСТИВАЛІ ЕКІ КҮНГЕ ЖАЛҒАСАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі