13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«НАУРЫЗ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛАДЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТУДЕ

20 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
«НАУРЫЗ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛАДЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТУДЕ
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласында жаңадан ашылған ипподромда «Наурыз Шымкенттен басталады» атты мерекелік шара өтті.

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік бағдарлама әр өңірдің салт-дәстүрін насихаттайтын Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің керуенін күтіп алудан басталды. Бұл керуендердің құрамында әр өңірдің белгілі өнерпаздары мен спортшылары бар. Батыс керуенін елімізге білгілі әнші Тамара Асар, Шығыс керуенін дәстүрлі әнші Ардақ Балажанова, Солтүстік керуенін танымал эстрада әншісі Мадина Садуақасова, Оңтүстіктің керуенін жергілікті дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева бастап шықты.

Мұнан кейін ат құлағында ойнайтын спортшылар бәйге, қыз қуу мен теңге ілу секілді ұлттық спорт түрлерімізді көрерменге паш етіп, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекеге жиналған Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мейрамымен құттықтады.

– Наурыз — барлық тіршілік атаулы жанданып, табиғаттың қайта түлейтін кезі. Бұл ізгілік пен мейірімділіктің, ынтымақ пен бірліктің, бейбітшілік пен молшылықтың мейрамы. Бүгін осынау Наурыз мейрамының қарсаңында ұлттық спорттың дамуына әсер ететін үлкен, жаңа, заманауи ипподромның ашылуына куә болып отырмыз. Бұл Шымкент қаласының жылдан жылға көркейіп, дамып келе жатқанының тағы бір көрсеткіші, — деді М.Әйтенов.

Мерекелік бағдарлама «Қаражорға» биімен қорытындыланады. Наурыз тойына жиналған көпшілік өнерпаздармен бірге би билеп, шаттанып жатты.

Ұлыстың Ұлы күні Наурызға арналған «GREAT QAZAQ GAMES» іс-шарасымен жалғасуда. Онда еліміздің барлық өңірлерінен және Түркия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы мен Иорданиядан келген спортшылар бақ сынауда. Олар 3 күн бойына көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ және өзге де ұлттық спорт түрлері бойынша бақ сынайды.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕМДІК СТАНДАРТҚА САЙ САЛЫНҒАН ЖАҢА ИППОДРОМ АШЫЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі