13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«SHYMKENT INVESTMENT — 2023»: ОҢТҮСТІК ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КАТАЛИЗАТОРЫНА АЙНАЛМАҚ

24 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
«SHYMKENT INVESTMENT — 2023»: ОҢТҮСТІК ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КАТАЛИЗАТОРЫНА АЙНАЛМАҚ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «SHYMKENT INVESTMENT — 2023» өңіраралық инвестициялық форумы өтті. Ауқымды шарада еліміздің оңтүстік өңірлерінің — Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына инвестициялық түсімді арттыру, экономикалық тұрғыда дамыту мен өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.Өңіраралық инвестициялық форум аясында 20-наурыз күні Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы тауар өндірушілерінің қатысуымен өңіраралық көрме-жәрмеңке өтті. «Көрме» орталығында өткен жәрмеңкеде химия, машина жасау, тамақ, жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агро-өнеркәсіп кешенінің, жалпы 100-ден астам кәсіпорынның өнімдері ұсынылды.

Отандық тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерін кеңінен таныстыру, жаңа серіктестер іздеу және өзара тиімді келісімдер жасау мақсатында ұйымдастырылған көрме екі күнге жалғасты. Яғни, өңіраралық іс-шара отандық өндірушілерді насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, кәсіпорындарды дамытып, жаңа технологияларды енгізу мен импортты алмастыратын өнімдердің түрлерін арттыруды көздейді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Жамбыл және Қызылорда облыстарының әлеуетті кәсіпорындарының өнімдерімен танысып, көрменің жұмысына сәттілік тіледі. Шаһар басшысы отандық өнімдерді таныту, серіктестікті нығайтуда мұндай көрмелердің маңызы зор екенін атап өтті.

Өңіраралық көрмеге Шымкенттен «Рахат-Шымкент» ЖШС (кондитерлік өнімдер), «Шымкентмай» АҚ (өсімдік май, майонез, тұздық, сабын), «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС (кілемдер және кілем бұйымдары), «Шымкент-Кашемир» ЖШС (тоқыма бұйымдары (түйе жүнінен жасалған киім және шұлық) және басқа да танымал компаниялар қатысып, өнімдерін таныстырды. Сонымен қатар, көрші Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындары да өз өнімдерін ұсынды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Инвестициялық форум дәстүрлі өтеді

Next Post

ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 25 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі