13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ДЕНДРОСАЯБАҚҚА ҚҰС ҰЯЛАРЫН ОРНАТТЫ

18 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ДЕНДРОСАЯБАҚҚА ҚҰС ҰЯЛАРЫН ОРНАТТЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Құстарға қамқорлық бастамасын Шымкент қаласының зоологиялық саябағы қолға алып отыр. Мұндай игі шара 1 сәуір — Халықаралық құстар күніне дайындық екен. Дендросаябаққа жиналған ерікті оқушылар құстардың ұяшығын ағаштарға орнатып шықты.

— Акция жыл сайын өткізіледі. Осы арқылы оқушылардың, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеріп, қоршаған ортаға құрмет көрсетіп, табиғатты аялай білуге шақырамыз. Шымкент зоологиялық бағы білім басқармасына құстарға ұя жасау бойынша ұсыныс берген болатын. Нәтижесінде, оқушылардың қолымен жасалған 1000-ға жуық ұяшық жиналды. Оның 500-ге жуығын дендросаябақ пен зоологиялық баққа орнатамыз. Қазір қаладағы өзге саябақтарға да ұсыныс беріп жатырмыз. Қолдау тапса, ерікті жастардың көмегімен құс ұяшықтарын орнатуға дайынбыз, — деді Шымкент зообақтың биолог қызметкері Бағдат Әмзебекұлы.

Шымкенттік оқушылар әр жылы құстарға ұя жасау бастамасына белсенді қатысады. Биылдың өзінде 50 мектептің 1000-нан астам оқушысы өздері жасаған құс ұяларын табыстап, табиғатқа қамқорлығын білдіріпті. Олардың қатарында қаладағы №24 мектептің 9-сынып оқушысы Хангелдин Әлеуиддинов те бар.
—Құстарға ұя жасау акциясына осымен екінші жылы қатысып отырмын. Өз қолыммен жасаған ұяны ағашқа орнатып жатқанда ерекше қуаныш сезімін бастан өткіздім. Бұдан кейін де табиғатқа қамқорлық көрсетуге арналған акцияларда белсенділігімді жалғастырамын, — дейді жас табиғат жанашыры.
Айта кетсек, 1-сәуірде әлем бойынша құстар күнін дәстүрлі түрде атап өтеді. Бұл күннің шығу тарихы ХХ ғасырдан басталады. 1902 жылы Парижде оншақты мемлекет қол қойған «Халықаралық ауыл шаруашылығында маңызы бар құстарды қорғау конвенциясы»-құрылды. 1905 жылы 12-желтоқсанда күшіне еніп, 1906 жылдан тойлана бастады. Атаулы күннің мақсаты – табиғаттағы құстардың барлық түрін жұмыртқа салу және жылы жаққа қайту мезгілдерінде қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар құс түрлерін қорғау, құстарды аулаудың кейбір түрлеріне тыйым салу, құс өсіру және адамдарды табиғатты сақтауға сауаттандыру үшін қорықтар ашу болып саналады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ҚХА МҮШЕЛЕРІ ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 100 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Next Post

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: тұрғындардың өтініші ескеріледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі