13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ НҰРСӘТ ШАҒЫНАУДАНЫН САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

1 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ НҰРСӘТ ШАҒЫНАУДАНЫН САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Нұрсәт шағынауданында ескі жарық жүйелері жаңартылуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендегі электр желілерінің құрылысымен танысып, жұмыс барысын қадағалады. Осыған дейін қуаттылығы 10 кВ 2 дана электр тарату бекетінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Қазір мұнда тарату бекетінен шығатын 10 кВ кабель желісін салу, қазылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Арнайы бригадалар тұрғын үйлерді жаңа желіге ауыстыруда. Шағынауданды сапалы жарықпен қамту жұмыстарына 30 адам 5 техника жұмылдырылған.

«Құрылыс кезінде болатын уақытша қолайсыздықтар туралы жергілікті тұрғындарды алдын ала ескертуді ұйымдастырыңыздар. Жұмыстарды маусым айына дейін аяқтау қажет» — деді қала әкімі.
Соңғы талаптарға сай жер астымен жүргізіліп жатқан 36 шақырымдық электр желілері толықтай іске қосылғанда шағынаудандағы 12 мыңнан астам абонент сапалы жарыққа қол жетізеді. Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы, өндірістік кестеге сай атқаруды тапсырды.

Айта кетсек, Шымкенттегі 81 елді-мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған.Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында ағымдағы жылы барлығы 14 нысанда ішкі жүйелердің және 2 қосалқы электр тарату бекетінің құрылысы жүргізілді.Соның ішінде, электр қуаты сапасыз 8 елді мекенге сапалы электр қуатын жеткізу жұмысы қарқын алған. Қайнарбұлақ және Батыс елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2023 жылы толығымен аяқталады. Ал, Асар-2 (2-кезек) құрылысы да келер жылға өтпелі.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласындағы барлық елді-мекендер 2023 жылы 100 % сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, қала инфрақұрылымын жүйелендіру мақсатында «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру саласы автоматтандырылуда. Көше жарығы диспетчерлік орталық 2022 жылдың мамыр айынан бастап өз жұмысын бастаған болатын. Орталық арқылы әзірше қала аумағындағы 97 көшенің жарықтандыру жүйелері толықтай басқарылуда. Яғни, істен шыққан жарықшамдар кері байланыс арқылы автоматты түрде мониторда көрсетіледі және түнгі мезгілде көлік қозғалысы баяулаған кездерде жарық беру пайызы автоматты төмендейді. Бұл электр қуатын едәуір үнемдеуге септігін тигізеді. Аталған орталыққа қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, операторлардың диспетчерлік жұмысы мен бірегей жобаның мүмкіндіктерімен танысу барысында, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында басқа да жаңа технологияларды зерттеп, қала өміріне енгізуді тапсырған болатын.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БӨЛІМШЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ТАССАЙ ШАҒЫНАУДАНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі