Шымкентте жаңадан құрылған Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесі ашылды. Енді ауданның құрамындағы 21 елдім екен мен тұрғын алап тұрғындары жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек бағыттары бойынша қызмет түрлерін Қазыбек би №50 мекенжайынан ала алады.
Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды, яғни жалпы аумағы 36,3 мың га. Халық саны 220,7 мың. Жаңадан ашылған бөлімше күнделікті 100-200-ге жуық адамды қабылдай алады. Штаттық бірлік 25 адамнан құралған. Мекеме ішінде күту залы, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек бөлімі қарастырылған.
Айта кетейік, Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесіне Қазыбек би көшесі бойынша № 84, 113, 114, 182 бағытындағы жолаушылар көлігі қатынайды. Ал, Дулати көшесінен №84, 113,182 жолаушылар көлігі арқылы «Некрасова» аялдамасынан бөлімшеге қатынай аласыздар.
Еске салсақ, осыған дейін Шымкент қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының халықты жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі бөлімдері қаланың 4 ауданында ашылған болатын. Бүгінде тұрғындар жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметтерді арнайы бөлімшелерден алуда. Халықтың уақытын тиімді ету және сапалы қызмет көрсету мақсатында аталған бөлімдерді әр ауданға бөлініп, мына мекен-жай бойынша қызмет көрсетуде.
— Абай ауданы бойынша Жиделібайсын көшесі, 92 («Бекжан» базары, «Бекжан» СО, 1 қабат).
— Әл-Фараби ауданы бойынша А.Байтұрсынов көшесі мен Мирас көшелерінің қиылысы, Мирас көшесі 22Б.
— Еңбекші ауданының бөлімшесі ағымдағы аптаның соңында көшуді жоспарлауда. (мекен-жайы: Күншығыс м/а, Жолан батыр көшесі 115/2).
— Ал, Қаратау ауданы бұрынғыдай «Нұрсәт» мөлтек ауданы, С.Бәйтереков, 89 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды. Бөлімшелер дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-18.30-ға дейін жұмыс істейді.