13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«КОНДУКТОРСЫЗ ЖҮЙЕ»: ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ, ЕНДІ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

17 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
«КОНДУКТОРСЫЗ ЖҮЙЕ»: ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ, ЕНДІ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 1 наурыздан бастап қоғамдық көліктер «кондукторсыз жүйеге» көшті. Соңғы екі аптада тұрғындарға автобустарда жаңа жүйемен қызмет көрсетіліп жатыр. Жолаушылардың кондукторсыз қызметке бой үйрете алмай жатқаны шындық. Дегенмен арнайы құрылған бақылаушы топтың қызметкерлері автобустарда жаңашылдықты түсіндіріп жатыр.

Шымкент қаласы полиция департаментінің берген мәліметіне сүйенсек, қоғамдық көліктерде 9 наурыздан бері жол ақысын төлемеген 25 жағдай тіркеліпті. Оларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 622 бабы 2 тармағы, яғни «қоғамдық көлік ақысын төлеуден жалтару» бойынша айыппұл салынған. Департамент қызметкерлері құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері екі есеге өсетінін айтып отыр.

Ал Шымкент қаласы жолаушылар көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев жолақы төлемеген жолаушыларға әзірге ескертумен шектеліп жатқанын алға тартты.
–Жаңа жүйеге сәйкес, автобустарда кондукторлар мүлдем жоқ. Жолаушылар жолақысын қолма-қол, «Tolem» картасы, SMS код немесе QR-код арқылы төлей алады. Жолақысын төлеуден жалтарғандарға 7 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Қазір қалада 120 тексеруші жұмыс істеп жатыр. Олар әл-әзір ескертумен ғана шектелуде. Тексерушілер құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге рейдтік шараны бастайды, — деді Мұхтар Қоқанбаев.

Ал, «Южавтотранс» бірлестігінің төрағасы Дархан Қаюпов жолаушылардың төлем төлеуде барлық мүмкіндіктері бар екенін алға тартып отыр.

–Шымкент қалалық Полиция департаментімен жасасқан келісім негізінде осы аптадан бастап айыппұл салуды қатаң түрде қолға аламыз. Жол ақысын төлемегендерді арнайы құрылғымен, қолма-қол төлеген жағдайда чек арқылы тексеріп анықтайды. Жолақысын автобусқа мінген сәтте төлеуді ескертеміз, себебі, тексеру барысында валидаторлар өшіріліп тасталады, — деді Дархан Қаюпов.

Шымкент қаласының тұрғыны Шолпан Мұратбекқызы жаңа жүйенің артықшылғы көп дейді.
–Бұрын кондукторлармен ұрсып-төбелесіп жатқан жолаушыларды жиі көретінмін. Бұл – мегаполис тұрғындары деген атқа сай емес. Себебі, қалаға қаншама сырттан, шет елдерден туристер келеді. Ал, жаңа жүйе адамдарды мәдениетті болуға үйретеді. Сондықтан әрбір қалалық жолақыны ешкім міндеттеп сұрамаса да төлеу керек. Алғашқы күндердегідей емес, халық үйренді. Тәртіп бар жерде – даму бар, — дейді қала тұрғыны.

Мадира Ұлықбекқызы күнделікті жоғары оқу орнына автобуспен қатынайды. Ол жолақы төлеуде жастар үшін «Tolem» картасы тиімді дейді.

Салаға жауапты мамандар наурыздың басынан бері қоғамдық транспорттан жолақыдан түсетін төлем жинағы 15-20 пайызға артты деген дерек келтірді. Қазіргі таңда автобус жүргізушілердің жалақысын көтеру мәселесі қаралып жатыр екен. Қала тұрғындары болса, автобустардың бір-бірімен жарыспай, әр аялдамада тоқтап, уақытылы жүре бастағанын алға тартады. Бұған жүргізушілердің жоспарлы төлем кестесін алып тастағаны әсер етсе керек.

Previous Post

АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНДЕГІ АШЫҚ ТОННЕЛЬ МАМЫР АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Next Post

Шымкенттік ХҚО-лар қай күндері жұмыс істемейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі