13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНДЕГІ АШЫҚ ТОННЕЛЬ МАМЫР АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

17 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНДЕГІ АШЫҚ ТОННЕЛЬ МАМЫР АЙЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан үш деңгейлі жолайрық құрылысында жұмыстың 70 пайызы атқарылған.

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген баспасөз туры барысында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев мәлімдеді.

Жобаға сәйкес, жолайрықтың төменгі деңгейінде Арғынбеков көшесінің бойында ашық тоннель салынып жатыр. Басқарма басшысының айтуынша, ол мамыр айында пайдалануға беріледі. Ал, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасады. Қазір 1-ші және 4-ші оң жақ бұрылыстар көлік қозғалысы үшін ашық. Мамыр-маусым айларында 2-ші және 3-ші оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол ашылады. Осылайша жүргізушілер Бәйдібек би даңғылымен де, Арғынбеков көшесімен де жүруіне мүмкіндік пайда болады. Ал, жолайрықтың жоғарғы деңгейінде Бәйдібек би даңғылын бойлай салынып жатқан эстакада қазан айында ашылады деген болжам бар. Құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін толығымен аяқталады. Құрылыс жұмыстарына 35-тен астам техника жұмылдырылған. Құрылыс аумағында 2 ауысыммен 200-ге жуық адам жұмыс істеуде.

Мұнан бөлек БАҚ өкілдері А-2 жолының қайта құру жұмыстарымен және Д.Қонаев даңғылының бойындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.

Айта кетсек, Шымкент қаласы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегі бойынша, 2022 жылдың соңында асфальтбетон жамылғысы бар және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға жеткен. Жоғарыда баяндалған жұмыстарды атқарудың нәтижесінде бұл көрсеткішті 72 пайызға, ал, 2025 жылға қарай 85 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Осының бәрі жергілікті биліктің тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында атқарып жатқан жұмыстары деп бағалауға болады

Previous Post

ШЫМКЕНТ: «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДА АУҚЫМЫ КЕҢ

Next Post

"КОНДУКТОРСЫЗ ЖҮЙЕ": ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ, ЕНДІ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі