ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаңтар-ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Ел экономикасының жыл басынан бері орнықты өсіп келе жатқанына тоқталған Үкімет басшысы есепті кезеңде барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамикаға ие өңірлер арасында Шымкент қаласын атап өтті.
Премьер-Министр өңірлердегі бизнес-бастамаларды қолдау мақсатында Алматы мен Шымкент қалаларының тәжірибесіне сүйене отырып, индустриалды аймақтар мен шағын өнеркәсіптік парктерді дамытуды ұсынды.
Атап өтер болсақ, биыл қала бюджетінің шығысына 534,3 млрд.теңге жоспарланған. Есепті кезеңге 62,6 млрд.теңге қаржы қаралып, нақты 61,9 млрд.теңгесі игерілген, яғни жоспар толықтай орындалған.
Қалада құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Былтыр пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 70 мың шаршы метрге жетіп, жылдық жоспар асыра орындалды. Есепті кезеңде республика аумағында 2,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін жеткізген Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы мен Шымкентте екенін атап өтті.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты бақылауда. Жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.
Әлихан Смайылов алдағы айларда экономиканың тұрақты өсу қарқынын сақтаудың маңызды екеніне тоқталып, министрлерге өңір әкімдерімен бірлесе экономиканы әртараптандыруда, тұрақты жұмыс орындарын құруда нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қаласында 2015 жылы жалпы аумағы 92 гектарды алып жатқан «Сауда-логистикалық орталығы» құрылды. Ең басты мақсаты – өзіміздің және көрші Қызылорда, Тараз қалаларының тауарларын осы жерден таралуы және реттелу тиімділігін арттыру.талабына сай орталықтың жұмысы екі бағытта өрбуде. Біріншісі – логистиканы дамыту, екіншісі — азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін құру. Тиімділігі сол, тоғыз жолдың торабында орналасқан. Әуежайдан 3 шақырым, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тас жолынан 4 шақырым қашықтықта жатыр.
Мұнда азық-түліктің барлық түрі сақталатын болады. Орталыққа шоғырланған аумақтың ең үлкені Континентал логистикалық компаниясы. фирмалардың өнімдері де сақталады. Азық-түліктің сан түрін сақтауға бейім компанияда көкөніс өнімдері 9-12 айға дейін, ал, консервіленген тауарлар 2-4 жыл көлемінде сақталады. Ал, техникалық заттардың сақталу мерзімі екі жылдан астам уақытқа созылады. Алыс-жақын аймақтарға жөнелтілетін тауарлар вагондар, үлкен жүк көліктерімен тасымалданады. Ал, оларды тиеу үшін Германия, Италия елдерінен әкелінген соңғы үлгідегі техникалар қарастырылған. Қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында орталық аумағында кедендік рәсімдеу орталығы да жұмыс істейді.
Тұрмыстық заттар, техникалық құралдар сынды түрлі өнімдерді сақтайтын логистикалық кешен елімізде екеу ғана. Бірі бас қаламызда болса, екіншісі үшінші мегаполисте. Алдағы таңда Алматы қаласынан да осындай кешен салу жоспары бар.
Одан бөлек Шымкент қаласы өздеріңізге белгілі инвестор тартудан еліміз бойынша көш басында. Енді міне, индустриалдық аймақтар да өзге аймақтарға үлгі болып отыр. Себебі, оның кәсіпкерлерге тиімділігі мен халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыруда септігі мол.