13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте спорттық секцияларды қаржыландыру аясында 113 кәсіпкер жұмыс істейді

29 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте спорттық секцияларды қаржыландыру аясында 113 кәсіпкер жұмыс істейді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы аясында 113 кәсіпкер жұмыс жасауда. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруда Шымкент қаласы бойынша көрсеткіштері алдыңғы қатарда. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323 миллион теңге қаржы бағытталды. Аталған бағдарлама бойынша қазіргі таңда 113 кәсіпкер жұмыс істейді. Бағдарлама аясында жалпы 217 секциядан тұратын 20 спорт түрімен 19 333 бала тұрақты шұғылдануда. Сонымен қатар, 338 жаттықтырушы және 200-ге жуық қызметкер жұмыспен қамтылған. Сондай ақ, басқарма қарамағындағы 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс жасайды. Осы спорт мекемелерінде 18 242 спортшымен 906 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың саны жалпы халықтың 50% -ын қамту көрсеткіші бекітілген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 458 852 адамды, яғни, қала тұрғындарының 42%-ын құрады. Сондай-ақ, 2022 жылғы жоспар бойынша мегаполис халықының 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткішін 51%-ға жеткізу болатын, жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш 59,9 %-ға асыра орындалды.

Айта кетейік, спорт мекемелерінің және жан басына шаққандағы спорттық секцияны қаржыландыру бойынша Абай ауданында 46 мекенжайда, Әл-Фараби ауданында 49 мекенжайда, Еңбекші ауданында 35 мекенжайда, Қаратау ауданында 59 мекенжайда, Тұран ауданында 48 мекенжайда спорттық секциялар жұмыс істейді. Спорт кешендері, стадиондар, футбол манеждері, фитнес-тренажер залдары бойынша Абай ауданында 14, Әл-Фараби ауданында 37, Еңбекші ауданында 8, Қаратау ауданында 34, Тұран ауданында 33 спорттық нысан бар.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: РАМАЗАН АЙЫНДА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 183 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі