13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: РАМАЗАН АЙЫНДА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ

29 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: РАМАЗАН АЙЫНДА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚМДБ Шымкент өкілдігі қала әкімдігімен бірлесе кезекті «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Ізгілік акциясы аясында қаланың орталық мешіті – Ақмешітте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығы таратылды.

–Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылық айы. Жылдағы дәстүр бойынша қасиетті ай басталғаннан осындай қайырлы істі қолға алып отырмыз. Бүгін Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе 500 отбасыға ауызашар үшін азық-түлік себеті үлестірілді. Одан бөлек, күн сайын қаладағы 40 мешітте кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғындарға ауызашар ұйымдастырылуда. Осындай ізгі істерде белсенділік танытқан кәсіпкерлер мен мешіт имамдарына алғыс айтамын, — деді қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов.
Жалпы Рамазан айында ауызашар себеті мен азық-түлік тарату үш жылдан бері үрдіске айналған. Бүгінгі игі шара қала әкімі және кәсіпкерлер бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Мегаполистің бас имамының айтуынша, қазір мұқтаж жандарға қол ұшын созамын деуші кәсіпкерлер қатары көбейген. Сондықтан күн сайын қаладағы әр мешітте қайырымдылық шаралары өтіп жатыр.

Ауызашарға арналған азық-түлік қорабын алған Абай ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Тұрсынай Жұманова қайырымдылық акциясына қолдау білдірген қала әкімдігі мен мешіт имамдарына өз алғысын жеткізді.

–Бүгін алғаш рет мешітке келіп осындай ауызашар жиынтығын алып отырмыз. Рамазан айында халыққа азық-түлік таратуды ұйымдастырған қала әкімдігіне, мешіт имамдары мен жомарт кәсіпкерлерге көп рақмет, — деді көпбалалы ана.

«Қораптың ішінде макарон, ұн өнімдері, құрма, шай, қант бар. Бұл ауызашар қоржыны. Ал мынау азық түлік, ішінде май, маш, қарақұмық, тары күріш бар. Жалпы 11 өнім бар ішінде. Әр отбасыға осы екі қораптан беріледі»,- деді Шымкент қаласының наиб имамы Мұхаммеджан Естеміров.

«Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы 5 ауданның орталық мешітінде күн сайын ұйымдастырылып, 500 отбасына азық-түлік жиынтығы таратылып жатыр. Іс-шара ай соңына дейін жалғасады. Бас имамның айтуынша азық-түлік тарату акциясы қасиеттің айдың соңына дейін жалғасады. Ал мұқтаж жандар қаладағы 5 ауданнан арнайы қайырымдылық қор өкілдері ұсынған тізім бойынша анықталады. Бұдан бөлек Рамазан айының әр күнінде 40-қа жуық мешітте 150 адамға арналған ауызашар ұйымдастырылады.

Previous Post

За два года шымкентцы заработали свыше 2,6 миллиардов долларов США

Next Post

Шымкентте спорттық секцияларды қаржыландыру аясында 113 кәсіпкер жұмыс істейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі