13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

15 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, баға тұрақтылығын сақтау бойынша кезекті баспасөз-туры ұйымдастырылды. Алдымен БАҚ өкілдері, жұмысшы топ Шаяхметов көшесіндегі Qaz et әлеуметтік дүкеніндегі бағаны бақылады. Онда сиыр еті 2300 теңгеден сатылып жатыр. Ол – әлеуметтік баға. Сауда нүктесі 2022 жылдың желтоқсан айында ашылған болатын.

Шаһарда тауарлардың бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде бірқатар ірі сауда орындарымен келісімдер жасалған. Бүгінде «Магнум» сауда желісінде әлеуметтік маңызы бар 19 тауар белгіленген бағада сатылуда. Мәселен, арзандатылған тауарлар қатарында нан – 92 теңге, шекер – 445 теңге, пияз – 225, сәбіз 180 теңге, картоп 180 теңге, күнбағыс майы 860 теңге деп белгіленген.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жандос Ханиевтің айтуынша, бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда. Қала бойынша азық-түлік тапшылығы жоқ. Қала бойынша азық-түлік тапшылығы жоқ.
Жергілікті кәсіпкерлермен 1 жылға келісімшарт түзіліп, оларға айналым қарыз қаражаты берілген. Бүгінде қалада 100-ден астам сауда нысандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесі белгіленген.
Белгіленген баға әр тоқсан сайын өзгеріп отырады. Әр тоқсанда комиссия шешіміне сәйкес, нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада бекітіледі. Шаһарда жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Айта өтсек, үшінші мегаполисте әлеуметтік дүкен санын арттыру шаһар басшысының басты назарындағы мәселе қатарында.

Еске салсақ, осыған дейін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іске асыру қаралған-ды. Қазіргі уақытта республикада бағаны тұрақтандыру құралдары қайта қаралды. Мәселен, «айналым схемасы» шеңберінде қарыз беру бойынша тәсіл қайта форматталды. Ол қазір тікелей өндірушілерге беріледі. Тұрақтандыру қор­ларын қалыптастыру тетігі өзгер­тілді. Ол енді өнімді сатып алу егін жи­нау кезеңінде, яғни нарықта баға­лар­дың бәсе­келес кезінде іске асырылып, мау­сым­аралық кезеңде сатуға лайықталған.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЖЕКЕ МЕКТЕП САЛҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР

Next Post

Бизнеске жол: «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі