13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бизнеске жол: «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында кәсіпкерлермен кездесу өтті

15 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

«Оңтүстік» индустриялық аймағында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, кәсіпкерлер палатасы мен «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесуде Департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Өсербай бизнес мүдделерін қорғау бағытындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа тәсілдерінен, соның ішінде бизнестің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша алдын алу жұмыстарынан хабардар етті.
Жиынға қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты түсіндірме беріліп, кейбірі Департамент тарапынан зерделенетіні хабарланды. Мәселен, бизнес өкілі мемлекеттік кірістер органы тарапынан қарызының болуына байланысты банктік шоттарына мәжбүрлеу шаралары қолданылғанын жеткізді. Бизнес өкілі қарызын өтегенімен, шотынан бұғыттау алынбағандығына шағымданды. Іс-шараны ұйымдастырушылар көтерілген мәселелерді жан-жақты қарап, жауап беретіндіктерін жеткізді.
Жиында Департамент өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіріп, жемқорлық фактілері немесе кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырды.
Айта кету керек, осы тұрғыдағы кәсіпкерлермен кездесу «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында да өтті.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Next Post

Об уплате транспортного налога физическими лицами

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі