13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Наурыз мейрамы қарсаңында тағамнан уланудың алдын алу бойынша кәсіпкерлер мен тұрғындар назарына!

17 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Наурыз мейрамы қарсаңында тағамнан уланудың алдын алу бойынша кәсіпкерлер мен тұрғындар назарына!
Share on FacebookShare on Twitter

Дәстүрлі Наурыз мерекесін тойлау барысында наурыз көже, қаймақ, ет тағамдары сияқты көптеген ұлттық тағамдар, салаттар, тіске басарлар, кремі бар кондитерлік өнімдер және т.б әртүрлі тағамдар  дастарханға қойылады.

Алайда, егер гигиена талаптары сақталмаса, мерекелік дастархан тамақтан улану жағдайына алып келуі мүмкін.

Осыған байланысты, Наурыз мейрамын тойлау және осы мерекеге байланысты демалыс күндері кезінде мынадай қағидаларды сақтауды ұсынамыз:

— Мерекелік үстелге тағамдарды дайындау кезінде оларды сақтау және тұтыну мерзімдерін сақтаңыз, шикі және дайын тағамдардың бірге сақталуына жол бермеңіз, ал олардың сапасыздығына қандай да бір күдік пайда болса, өнімдерді, әсіресе алдыңғы дастарханнан қалған тағамдарды қолданудан алып тастау керек.

— Құс етінен дайындалған, жұмыртқа қосылған тағамдар, майонез бен  қаймақ қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер (торттар, бәліштер) ерекше қауіп төндіреді.

— Әдетте мереке күндері қоғамдық тамақтану және сауда объектілері аспаздық және кремі бар кондитерлік өнімдерді үлкен мөлшерде дайындайды. Осы күндері сақтау және сату мерзімі қысқа түрлі салаттар, ет және балықтан дайындалған тіске басарлар, ет сілікпелері, құйма еттер, тауық етінен жасалған тағамдар және басқалары көп сұранысқа ие болады. Осыған байланысты, тамақ өнімінің қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжаттардың болуына, оларды сату және сақтау жағдайларына назар аудару қажет.

Сондай-ақ мейрамханалар және дәмханалар басшыларының назарын Наурыз мейрамы күндері тамақтан уланудың алдын алу мәселелеріне аса назар аударуды ұсынамыз.

Персонал жеке гигиена ережелерін, ас блогында тазалықты сақтауы тиіс. Тамақ өнімдерін термиялық өңдеу, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді мұқият жуу қажет. Шикі және дайын өнімдерге арналған бөлшектеу мүкәммалын мақсаты бойынша пайдалануды, тағамдар дайындауға бүлінбеген сапалы өнімдерді қолдануды,  шикі өнімдерді дайын өнімдерден бөлек сақтауды ұсынамыз.

Тағамдарды алдын ала дайындамауды және іс-шара басталғанға дейін үстелді жасамауды және оларды қажетті температуралық режимді ұстай отырып, сақтауды ұсынамыз. Дайын өнімдердің сақтау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеңіз.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Биылғы жыл жақсы іс-шаралар туралы хабарлаушы, таза ойлар мен ізгі істердің бастауы болсын. Біздің ортақ үйіміз — Тәуелсіз Қазақстанымыз гүлдей берсін.

А.Искаков

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары

Tags: 13kz13kz.kz13кзНаурыз мерекесіТүркістан облысының СЭБД
Previous Post

Түркістан облысы аумағында сайлау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз!

Next Post

Шымкент: "Көрісу күнін" Жас ұландықтар да атап өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі