13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында туберкулезбен күрес айлығы басталды

17 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында туберкулезбен күрес айлығы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

24 наурыз — дүние жүзінде  туберкулез ауруына қарсы күрес күні. Осыған  орай  Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде  туберкулез ауруының алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға департамент басшысының эпдемиологиялық жағдайларға жетекшілік ететін орынбасары Бахтыораз Елемесов, бөлім басшысы, мамандар және Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының фтизиопульмонологиялық орталығы, денсаулық сақтау басқармасының емдеу профилактикалық ісі қызметі үйлестіру бөлімінің өкілдері мен фтизиопульмонологиялық орталықтың   координатор-фтизиопедиатр мамандары  қатысты.

Аса қауіпті инфекциялар және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Түймеғали Жаңабайұлы  облыстағы туберкулез аурушаңдығының эпидемиологиялық жай-күйімен өзекті мәселелеріне тоқталып, алдын алу шаралары туралы баяндама жасады.

Облыс бойынша 2022 жылы жалпы туберкулездің алғашқы анықталған — 554 жағдайы тіркеліп, 100 м.х.ш.к. – 27,36 құрады, 2021 жылдың осы мезгілімен салыстырғанда аурушаңдық — 12 жағдайға төмендеген. Өкпе туберкулезінің алғашқы анықталған 446 жағдайы тіркеліп,  100 м.х.ш.к. – 22,02 құрады, 2021 жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 10 жағдайға төмендеген.

Денсаулық сақтау басқармасы және дәрігер мамандары 2022-2023ж туберкулез ауруының алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы есеп берді.

Эпидемиологтар денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне туберкулезбен ауыратын науқастарды есепке алу және диспансерлік бақылауды бекітілген бұйрыққа сай  сапалы жүргізуді, тегін медициналық көмек көрсетулерді қадағалау, балалардың участкелерде  БЦЖ вакцинасы мен Манту сынамасының толық  алуын қадағалау бойынша т.б аурудың алдын алуда жұмыстарды бұдан әрі жандандыру қажеттігі жөнінде тапсырма берілді

Нұрбек Нышанов

Түркістан облысының СЭБД басшысы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзтуберкулезТүркістан облысыТүркістан облысының СЭБД
Previous Post

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ЭТНОАУЫЛ» КЕШЕНІНДЕ «НАУРЫЗ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Next Post

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢА ТАРИХИ ҚАДАМ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі