13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ЭТНОАУЫЛ» КЕШЕНІНДЕ «НАУРЫЗ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

16 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ЭТНОАУЫЛ» КЕШЕНІНДЕ «НАУРЫЗ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Наурыз күні мерекесіне арналған «Наурыз – татулықтың түпқазығы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шарада ұлттық спорт түрлерінен ойындар көрсетіліп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен танысу, этномәдени бірлестіктер мүшелері өнерпаздарының концерттік бағдарламалары ұсынылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев көпшілікті мерекемен құттықтады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға рухани елорда мәртебесін беру бастамасын көтерген болатын. Осы мәртебенің мән-маңызын арттыру мақсатында Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз мерекесін түрлі шаралармен көмкеріп, ерекше өткізуді мақсат еттік. Наурыз – өзара түсінікті, мейірімділік, бірлік, татулық пен келісімді бейнелейтін айрықша мереке. Адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығын арттыратын қасиеті бар. Бүгінде Түркістан өңірінде 2 миллионнан астам тұрғын тұрады. 50-ге жуық этнос өкілдері татулықты сақтап, берекелі тіршілік кешуде. Облыс бойынша Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында 11 облыстық этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бүгін қазақ тарихында айрықша орны бар Түркістан төрінде сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Баршаңызға мереке құтты болсын. Қазақстанымыз өркендей берсін! – деді Бейсен Дәулетұлы.
Мерекелік жиында ақсақалдар алқасы, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен құрылымдардың төрағалары құттықтау сөзін сөйледі. Сонымен қатар қазақтың және этномәдени бірлестіктердің қолөнер бұйымдарының көрмелері мен ұлттық тағамдар көрмесі де қойылды.
– Мен Қазақстанда туып-өстім. Ата-бабаларымыздың Наурыз қарсаңында тазалықтан бастайтын салты бар. Күн мен түн теңескен күні кішілер үлкендермен амандасып, жүздесіп, мерекемен құттықтаймыз. Олардың сый-сыяпаты мен батасын аламыз. Бүгін біз көрмеде Наурызға қалай дайындалатынымызды көрсетіп, әзірбайжан халқының қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарын ұсындық. Бұл мейрамға мұқият мән беріп қатысып, атап өтеміз. Мерекеде тілерім, Қазақстанымыз, Түркістанымыз көркейе берсін! – деді Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі Зарнишан Мұхаррамқызы.
Мерекеде «Наурыз бата» беру дәстүрі көрсетілді. Түркістандықтар Алматы облысына «Қош келдің, Әз Наурыз» атты құттықтау челенджін жолдады. Келген қонақтар мен қала тұрғындары наурыз көжеден дәм татып, ұлттық ойындардан сайыстар өтті. Белсенділік танытқан этнос жастарына қазақтың ұлттық нақышта жасалған қолөнер бұйымдары тарту етілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Previous Post

Қалалық Антикор мен кәсіпкерлер палатасы бизнесті қорғау бойынша жұмысты күшейтуде

Next Post

Түркістан облысында туберкулезбен күрес айлығы басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі